Атырау магистральдық желі бөлімшесі былтыр 36 км қоршау салып, 54 шақырымын жөндеген

Аймақтар
31.01.2019, 14:37

«Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, теміржолшылар үшін жырға айналған қауіпсіздік тақырыбының өзегі – теміржол бойында қараусыз жүрген мал мәселесі.  

2018 жылы өңірде жүк және жолаушы пойыздарымен 8 жерде мал басылу оқиғасы тіркеліпті. Соған орай теміржолшылар жол жиектеріне малға қарсы қоршаулар салу ісін үдете түсті. Магистральдық желі бөлімшесі бойынша өткен жылы жаңадан 36,2 км қоршау салынып, 54,4 км бұрынғы қоршаулар жөнделген. Осы жұмыстарға 20 тонна тікенекті сым алынып, орнатылған. Сол секілді 550 км құрайтын Сағыз-Мақат-Атырау телімі аралығына мердігерлік әдіспен малға қарсы қоршау жұмысын жасау бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындалыпты.  

Өткен жылда 2687 мал иесіне темір жол аймағында мал бағу жөніндегі ескерту ережелері таныстырылып, 15 адамға тәртіп бұзушылық жөнінде хаттама толтырылған. Сондай-ақ, шұғыл тежеулердің, қараусыз малдың, ұрлық және бөгде адамдардың жолға шығуының алдын алу мақсатында жол дистанциялары мамандары тұрғындармен кездесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізді. Осы бағытта станция-разьездерде 610 адаммен жиын өтіп, «Темір жол – қауіпті аймақ» тақырыбында 102 мектеп оқушыларымен түсіндірме жұмыстары, жол полициясы мамандарымен 43 рейд жүргізіліп, 3109 автокөлік жүргізушісімен өтпелерден өту тәртібі таныстырылған. Ал тұрғындар осыдан нәтиже шығаруы тиіс.

Қ.Мұқашев, Атырау


Жүк тасымалы
06.08.2025
Еліміз 12 млн тоннадан астам астық пен ұн экспорттады
Әлемде
06.08.2025
Шілде айында Қытай темір жолдары тәулігіне 14 миллионнан астам жолаушы тасымалдаған
Спорт
05.08.2025
Кәсіби мерекеге орай турнир өтті
Аймақтар
05.08.2025
Студенттер теміржол әліппесімен танысты
Аймақтар
05.08.2025
Ардагер теміржолшыларға ескерткіш тақта ашылды
ҚТЖ келбеті
05.08.2025
Қас қағым сәт, қырық жыл...
Аймақтар
05.08.2025
Абырой биігінде
Аймақтар
05.08.2025
Марапат мерей өсірер...
Жаңалықтар
05.08.2025
Астанадағы мектеп, колледждерде теміржол сыныбы ашылады
ҚТЖ келбеті
05.08.2025
Ерлік осылай туады...
Жолаушылар тасымалы
05.08.2025
Егер жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?
Жаңалықтар
05.08.2025
Магистраль қызметкерлері марапатталды
Жаңалықтар / Мұрағат
05.08.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №61-62 05 тамыз 2025 жыл
Жаңалықтар
04.08.2025
ҚТЖ техниканы жаңғыртуға және еңбек жағдайларын жақсартуға инвестиция салады
Спорт
04.08.2025
Теміржолшылар спортта да алда
Аймақтар
04.08.2025
Семейде теміржолшылар күні ерекше салтанатпен аталып өтті
Әлемде
04.08.2025
Үндістанда сутекті пойыз сынақтан сәтті өтті
Аймақтар
04.08.2025
Арыста қос мереке қатар тойланды
Аймақтар
03.08.2025
Қызылорда теміржолына 120 жыл
ҚТЖ келбеті
03.08.2025
Теміржолшының анасына арналған алғыс