Тараз темір жол вокзалы: жолаушының жайын жасау – міндет

Аймақтар
19.08.2019, 10:45

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Тараз темір жол вокзалында қым-қуыт тірлік күндіз де, түнде де толастаған емес. Тәулігіне әрлі-берлі 22 жұп жолаушы пойызы аялдап, жүздеген жолаушы мініп-түсіп жататын вокзал күніне 1800-ден астам адамға қызмет көрсетеді.

 Біз барғанда вокзал кассаларында бұрынғыдай адам ығы-жығы емес екен. Жалпы бүгінде электронды кезек бар, өз-өзіне қызмет көрсететін транзакциялық терминалдар бар, касса алдында сағаттап кезек күту деген келмеске кеткендей. Сосын, әрине, билеттерді интернет арқылы сатып алу мүмкіндігінің де әсері бар екені сөзсіз.

Вокзалға кірген-шыққан жолаушы кіреберісте екі жерде орналасқан рентген құрылғылы тексеру аппараты арқылы өтеді. Жолаушыларда қауіпті заттар мен қару-жарақтың болмауын, жалпы, адамдардың қауіпсіздігін сақтауға септігін тигізетін шара екені даусыз. Мұндай аппараттар 2017 жылы тек Тараз вокзалына ғана емес, Шу вокзалына да орнатылған.

Вокзалдың бірінші қабатында кассалар мен банкоматтар, анықтама, медпункт, дәріхана, екі жүк қоймасы орналасқан. Ал екінші қабатта кең де жарық 200 орындық күту залы, асхана, 20 орындық қонақ үй бар. Тазалық пен ұқыптылыққа баса мән берілетіні бірден аңғарылады. Көпшілік орын болғанымен, бей-берекет шашылған қоқыс тұрмақ, артық тұрған зат байқалмайды. Асхана да мұнтаздай таза, бағасы қолжетімді.

– Пойызбен Астанаға жиі қатынаймын, сондықтан вокзалға жиі келемін. Рас, бұрындары билет тапшылығы, кассада кезек күту сынды біраз проблемалар туындайтын. Бірақ соңғы жылдары темір жол жұмысы өте жақсы жолға қойылған. Әрі үйде отырып-ақ билетті брондап, сатып ала береміз. Бұрынғыдай билеттерді 2-3 есе қымбат бағаға саудалап жүретін алыпсатарлар да қазір байқалмайды, жабайы сауда жасайтын саудагерлер де азайған. Жалпы, вокзал жұмысы көңілімнен шығады, – деді Астанаға аттанғалы тұрған жолаушының бірі Самал Өзбекованы сөзге тартқанымызда.

Тараз темір жол вокзалы бастығының орынбасары Мақсат Садығұловтың айтуынша, темір жол вокзалдары қызмет көрсететін адамдар санына, аумағына, тағы да басқа біраз көрсеткіштеріне қарай кластарға бөлінеді. Тараз темір жол вокзалы бірінші класты вокзалдар қатарына жатады.

– Ғимаратқа 2013 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Бірақ жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстарын да жасап отырамыз. Ең бірінші қызметтік міндет - жолаушының жайын жасау екенін вокзалдың әрбір қызметшісі жақсы біледі. Сондықтан келген-кеткен халыққа қажеттіліктің бәрін жасауға тырысамыз, – дейді ол.

Айтса айтқандай, вокзалда қызметтің түр-түрі бар. Бірінші қабатта ҚТЖ иелігіндегі 4 касса, 11 жекеменшіктегі касса орналасқан. Барлығы 15 касса жолаушылар таңдауына қарай қызмет етеді. Анықтама қызметі тәулік бойы жұмыс істеп тұр, ал басы ауырып, балтыры сыздаған жолаушы медпункттегі мейірбикенің көмегіне жүгіне алады. Сондай-ақ, үстіңгі қабатта ана мен балаға арналған бөлме бар. Негізінен ақылы болғанымен, Мақсат Ергешұлының айтуынша, жолаушылардың жағдайына қарай кейде онда барып тегін тынығуға да рұқсат етіледі екен.

– Вокзалдың бірінші қабатында – 50, екінші қабатында – 200 орындық күту залы бар, 2 жүк қоймасы жұмыс істейді. Жалпы барлығы 45 қызметкер жолаушылардың жайлылығы үшін жұмыс істейді. Оның 20-сы техникалық қызметшілер. Медпункт, тамақтану орындарын санитарлықэпидемиологиялық қызмет маманда ры жоспарлы түрде тексеріп тұрады. Сонымен қатар, вокзалда 5 түрлі банктің банкоматтары, көшірме, газет-журнал, канцелярлық тауарлар, жолға қажет майда-шүйде сататын киоскілер бар. Жалпы, жолаушыларды бірінші кезекте қажетті нәрселермен жабдықтап, қызмет көсртеуді мақсат тұтамыз. Алдағы уақытта вокзал ішіндегі электронды таблоларды жаңартуды жоспарлап отырмыз. Бұдан да басқа ішкі ұсақ-түйек жұмыстар бар, – дейді вокзал бастығының орынбасары.

Вокзал басшылығы сондай-ақ алыпсатарлармен және жабайы сауда жасайтын саудагерлермен күресті ұдайы жүргізіп келеді. Әсіресе жаз маусымында кез келген бағытта билет тапшылығы байқалатыны белгілі. Сондықтан жолаушыларға билет ұсынатын алыпсатарлар қатаң бақылауға алынған. Олармен жең ұшынан жалғаспас үшін кассалардың қызметі де бақылауда.   

Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді