Жолаушының жағдайын жасап отырмыз ба?

Аймақтар
11.10.2019, 14:33

Редакцияға телефон соққан құлсарылық зейнеткер Сембай Жұбанов ақсақал жуырда теміржол көлігімен сапары барысында кездескен екі қолайсыздыққа шағым айтты. Бірі – Маңғыстау вокзалында бірнеше сағат аяқ суытып демалатын орын таппағанын жеткізді. 

«Ақтөбе пойызымен барып сағат 4-тен 8-ге дейін демалып алатын орын таппадық. Қонақ үй жоқ вокзалда, ана мен бала бөлмесінің де бар-жоғын біле алмадық. «Көктем» деген конақ үйдің адресін қолымызға ұстатып сонда жіберді. Ол қаланың бір шетінде екен, үш сағатқа бір тәуліктің құнын төлеуге мәжбүр болдық» деп арыз айтты ақсақал.

Осы мәселеге байланысты біздің Маңғыстаудағы тілшіміздің анықтауынша, шын мәнінде Маңғыстау вокзалында ана мен бала бөлмесінің ашылғанына біраз жыл болыпты. Десе де, көпшілік вокзалда мұндай орынның бар екенін біле бермейтін болса керек, сондықтан бөлмені пайдаланушылар аз екен. Айында бір-екі адам ғана қолданады. Әрине, бұл Маңғыстау вокзалынан балалы аналар өтпейді дегенді білдірмесе керек...

Вокзал бастығының айтуынша, бұған себеп Маңғыстауда халық вокзалға кестеге байланысты пойыз жүруіне таяғанда келеді екен. Сондықтан ондай қысқа уақытта ешкім ана-бала бөлмесін керек етпейтін көрінеді. Былтырғы және биылғы тоғыз айда ана мен бала бөлмесі қызметіне 28 адам жүгініпті. Ол да болса әрі-бері өткен өткінші пойыздардың жолаушылары екен. Ал бұл бөлме тек балалы әйелдерге арналғандықтан бөгде жолаушыларды жібермейді. Жоғарыдағы ақсақал қонақ үй сұраса, вокзалда ол, әрине, жоқ.

− Осыған дейін аналар бөлмені сұрап, біз бермей қойған немесе орын жетпеген жағдай болған жоқ. Қолында билеті бар, пойызы сол тәуліктің ішінде жүретін адамға аталған қызметті алуына толық мүмкіндік бар. Бірақ ол жерде түнде қонып қалуға болмайды. Бөлменің ішінде үлкен адамға арналған екі кереует, бала жатқызуға бір арнайы орын, мұздатқыш және дәрі-дәрмек салынған арнайы жәшік бар. Өзім осы вокзалға жұмысқа келген 2017 жылы да ана мен бала бөлмесі жұмыс жасап тұрған, содан бергісін білемін. Мұздатқыш пен «аптечка» сол жылдар ішінде сатып алынды, – дейді Маңғыстау вокзалының бастығы Алма Айымқұлова.


Вокзал бастығы алдағы уақытта Маңғыстау вокзалынан өтетін жолаушыларды жағымды жаңалық күтіп тұрғанын да жеткізді. Келесі жылы күту залында бұған дейін болмаған ауа салқындатқыш құрылғысы орнатылмақ. − Күту залының іші қыстыгүні жылы болады. Жазда күн қызғанда ауа жоқ, қапырыққа айналатын. Сондықтан халыққа қолайлы болу үшін жазда залдағы орындықтардың біразын ғимарат сыртындағы ағаштардың астына, көлеңкелі жерлерге шығарған едік. Енді салқын түсе қайта ішке кіргіздік. Сыртта Мұнайлы ауданы әкімдігі жерге орнатып берген алты ағаш орындық қалды. Ғимарат ішінде күтуге арналған 75 орын бар. Жалпы, жолаушыларға қ о л ы м ы з д а н келгенше жағдай жасаудамыз. Қазір күту залына ауа салқындатқыш құрылғысын қою мәселесі шешімін тауып, сегіз кондиционер орнатамыз деп отырмыз. Сондай-ақ, бұрындары жолаушылар әжетханаға байланысты көп арызданатын. Тамыз айында әжетхана құбыры түгел ауыстырылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы әжетхана пайдалануға берілді. Сонымен қатар электронды билеттер сатылымға шыққанша, яғни 45 күн бұрын сатылатын билетті 40 күн алдын да таба алмаймыз деп шағымданатындар да азайды, билет бір ай бұрын алғанға қолжетімді болды. Жыл басынан бергі үш тоқсанда шағымдар кітабына небәрі 4 арыз түсті, біз қалай болған күнде де вокзалға келген жолаушының жағдайын жасауға тырысамыз, – дейді вокзал бастығы.

Әрине, кез келген вокзалда ана мен бала бөлмесі тек балалы әйелдерге арналған, солар үшін төсек-орын, балалар арбасы бар дегендей, бірақ көп жағдайда апталап айлап бос тұратын сол бөлмелерге қажет болған жағдайда алысқа ұзап бара алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандарды немесе үлкен кісілерді де қабылдауға болмас па? Қонақ үй болмаған жағдайда, әрине.

Құлсарылық зейнеткер Жұбанов Сембай ақсақалдың екінші шағымы Мақат станциясында дәріхана жоқтығына байланысты еді. Сапары барысында сырқаттанып, Мақаттан дәрі алуға түскен ақсақал толып жатқан дүңгіршектер арасынан бірде-бір дәрі сататын киоск таба алмағанына қынжылады. «Вокзал басшылығы халыққа қызмет көрсетуді дұрыс ұйымдастыру үшін ең болмаса бір дәрі-дәрмек сататын дүңгіршектің болуын ескеруі қажет еді, жолаушы халықтың ауырары, сырқары бар», – дейді қария.

Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді