Алғашқы ұстазым - анам

Аймақтар
27.12.2019, 08:18
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жаңа жылдың алғашқы күні жұмысқа түсетін теміржолшы арудың бірі Гүлмира Исқақова. Ол соңғы екі жылда жаңа жылды жұмыс орнында қарсы алса, биыл ауысымға 1 қаңтарда шығып, Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол станциясында пультті басқарып, пойыздар қозғалысын реттемек.

Биылғы жыл тышқан жылы болғандықтан, Гүлмира бұл ешкімге аса зияны жоқ, бәрін үйіне таситын тіршілік иесі болғандықтан, биылғы жыл тоқшылық, тыныштық, татулық жылы болар деп жақсыға жорып отыр.

Гүлмираның теміржолда адал еңбегінің несібесін теріп жүргеніне қаңтарда 19 жыл толады. Қарағанды өңірінің тумасы Астанада көлік және коммуникациялар колледжін бітіргесін еңбек жолын Қостанай облысындағы Құсмұрын станциясында анықтама бюросының дикторынан бастап, вокзал кезекшісі қызметімен жалғастырады. Ал 2003-2010 жылдар Гүлмираның «технар» болып қалыптасқан кезеңі деуге болады. Осы жылдар аралығында ол Тобыл станциясында техникалық кеңсе операторы, станция кезекшісінің көмекшісі, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі 1 дәрежелі инженер қызметтерін жоғары жауапкершілікпен атқарып, үлкен тәжірибе жинады. Оның бұл еңбек тәжірибесі кейін кәдеге жарап, ол 2010-2017 жылдар аралығында Теміртау станциясында станция кезекшісі болып пультті басқару тізгінін қолына алады.

Гүлмираның өз кәсібін жақсы көретін жан екені бірден байқалады. «Теміржолшы мамандығы маған анамның ақ сүтімен дарыды деуге болады. Анам Светлана Қадырқызы – 36 жыл ғұмырын теміржолға арнаған адам. Менің алғашқы еңбек жолымды Құсмұрында бастауыма да анамның сол станцияға вокзал бастығы болып қызмет бабымен ауысуы себеп болды. Әкем де теміржолдан ұзамай, желілік ішкі істер бөлімінде еңбек етті.

Теміржолда тәжірибесі мол анам ақылшым, ұстазым болды. Қазір өзімнің де бір басыма жететін білім-біліктілігім бар. Бірақ, мұныма қанағаттанбаймын. Сондықтан үнемі білімімді жетілдіріп, толықтырып отыруға тырысамын. Білім шеті мен шегі жоқ теңіз сияқты. Тұңғиығына сүңги бергің келеді. Өзге елдердің теміржолында не болып жатыр, олардың тыныс-тірлігін білуге құмартамын. Қазір ақпарат ағыны минут-секунд сайын жаңарып отыр, сондықтан уақыт талабына сай болуға тырысуың керек», – дейді кейіпкеріміз.

Гүлмира темірдей тәртіпке түзілген теміржолдың талаптары оның жеке өміріне де оң әсерін тигізгенін айтады. Тәртіп, байсалдылық, жылдам шешім қабылдау, қандай жағдайда да салқынқанды болу – бүгінде оның өмірімен біте қайнасып кеткен қасиеттерге айналды.

«Станция кезекшісін қозғалыс командирі деп бекерге айтпаса керек. Біздің жұмыста бірінші кезекте тәртіп қатаң сақталуы тиіс. Жылжымалы құрамдар жұмысын реттеу еркелігіңді көтермейді. Бір жерде мүлт кетсең, үлкен қауіпке жол беруің мүмкін. Екіншіден, ойың сергек, жылдам шешім қабылдай алуың керек. Бұл жерде сауатты болудың маңызы зор. Сондықтан да станция кезекшісі қызметіне бірден кірісе алмайсың, сыртта жүріп, пойыздардың қозғалысымен тікелей байланысты түрлі қызметтердің төменгі сатысынан өтіп қана бұл жауапты қызметті мойныңа жүктей аласың. Теміржолшылар арасында үш «батыр» деп аталып кеткен ИДП, ПТЭ, ИСИ ережелерін жатқа білуің керек. Станция кезекшісі қызметіне тұрарда осы ережелерді білуің емтихан арқылы тексеріледі. Бір жағынан станция кезекшісі станция бастығының көмекшісі де болып табылады. Сондықтан да станция бастығы ДС, ал станция кезекшісі ДСП деп қысқартылып айтылады. Станция кезекшісі пойыздардың қозғалысын ұйымдастырумен қатар локомотив, жол, белгі беру-байланыс, электрмен жабдықтау сияқты пойыздар қозғалысымен тікелей байланысты барлық шаруашылықтармен тікелей байланыста жұмыс істейді. Сондықтан олармен жұмыс істеу барысында психолог та болуың керек» деп сөзін түйіндеген Гүлмира Қайырбекқызы бос уақытын қыздарына арнаумен қатар техникалық, тарихи, әдеби кітаптар оқып, музыка тыңдағанды, таза ауада серуендегенді ұнатады екен. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?