Ақаудың алдын алды

Аймақтар
14.07.2020, 11:30
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан халқына қасірет болып жабысқан аты жаман індет кезінде денсаулығы мен өмірін тәуекелге буып, теміржол көліктерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жолында күні-түні жұмыс істеп жатқан теміржолшылар қатарында Астана вагон пайдалану депосының вагон қараушылары да бар.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Теберік Мырзалиев 2020 жылдың 6 шілдесі күні таңғы сағат 5.40-та станцияға келіп тоқтаған вагондарды тексеру кезінде аса қауіпті ақауды тауып, үлкен апаттың алды.

– Төртінші жолға келіп тоқтаған пойыздың №60667706 вагонын тексеру кезінде бірінші жұп доңғалақта ақау барын, яғни сынықты көрдім. Нұсқамаға сәйкес бастығыма хабар бердім. Ақаулы вагон дереу ағымдық жөндеуге ағытылып алынды, – дейді кейіпкеріміз.

Сыр өңірінде туып-өскен Теберіктің бастапқыда таңдаған мамандығы теміржолшы емес екен. Мектеп бітірген соң ол Орынбордың аграрлық институтына зоотехник және ветеринарлық факультетіне оқуға түсіп, айды аспаннан бір-ақ шығарады. Бұлай дейтініміз, қазақылық қаймағы бұзылмаған Қызылорданың ауыл баласына ресейлік жоғары оқу орнына түсу арман еді. Болмысынан батыл, ойға алғанын орындамай қоймайтын Теберік бұл оқу орнын қазақ деген атына сөз келтірмей, ойдағыдай бітіріп шығады. Елге келіп, дипломды маман ретінде мал шаруашылығымен айналысуға да кірісті. Алайда, көп ұзамай шаруашылық шашырай таратылып, зоотехник керек болмай қалды.

Бас аман болса, екі қолға бір күрек деп Алматыға қоныс аударған кейіпкеріміз мұнда вагон жөндеу зауытына слесарь болып орналасады. Тәжірибелі мамандардың бірнеше ай баулуымен темірдің де тілін таба бастайды. Вагон бөлшектерінің ұңғыл-шұңғылын біле отырып, уақыт өте өз ісінің шеберіне айналды.

– Елдің аузында Астана болғасын, сол жылдары қызығушылықпен бас шаһарға келіп, ұнатып қалдым. Бірнеше рет келіп, ақыры жас қаланың тұрғындары қатарын толықтыруға шешім қабылдадым. Елордаға көшіп келген соң Әскерилендірілген теміржол күзетіне қызметке тұрдым. Осы кезде мен теміржолға біржолата бауыр басқанымды, басқа қызметке көңілім тартпайтынын түсіндім. Сондықтан нағыз, яғни дипломы бар теміржолшы болуды мақсат тұтып, Жол қатынастары университетінің вагон шаруашылығы және машина жасау факультетін сырттай оқып бітірдім. Вагон шаруашылығы саласында тәжірибем болғандықтан, маған оқу жеңіл болды, – дейді Теберік.

Мамандық алған соң Т.Мырзалиев бас қаладағы вагон жөндеу депосына слесарь болып жұмысқа тұрады. Кейін жолаушылар вагондарын шығаратын «Тұлпар-Тальго» зауытында интерьер-слесарь болып та еңбек етеді.

Ал қазір Астана вагон пайдалану депосында вагон қараушы-жөндеуші болып еңбек көрігін қыздырып жүр. Теберік Ниязбайұлы ұжымындағы мақтаулы мамандар қатарынан. Бұған дейін де ол қызметі барысында әртүрлі ақауларды тауып, басшылық тарапынан Алғыс хат алған. Ал бұл жолы тапқан өте қауіпті ақаудың салдары туралы ойлаудың өзі қорқынышты.

«Мен үшін ең бастысы – жұмысыңды адал және абыроймен атқару» дейді кейіпкеріміз. Десек те, жауапкершілікті терең сезініп, өз кәсібін адал атқарып жүрген азаматтардың еңбегі ел алдында еленіп жатса, нұр үстіне нұр болмақ. 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты