Жаңа технология күрек көтеріп жүрген жол жөндеушілердің жұмысын жеңілдетті

Аймақтар
13.08.2021, 10:56
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Бес жүз шақырымнан асатын жолдың бабын жасап отырған Маңғыстау жол дистанциясының жолшылары бұрынғыдай лом, күрек пен қайла көтеріп жүруден құтылған, өйткені қол күшін қажет ететін жұмыстардың жетпіс пайызы жаңа технологияның көмегімен атқарылуда. Нәтижесінде жол табаны жыл өткен сайын жаңарып, жақсарып келеді. Қазір мұнда бас жолдарда Р43 типті рельстерді іздесең де таба алмайсың. Негізінен Р65 рельстері төселген. Оның ішінде ұзартылған плеттер салу жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Биылдың өзінде екі перегонда №10-11 және 15-16 бекеттер арасында салынған.

– Біз қазір рельстердің ұзындығын жеті шақырымға дейін ұзарттық, екі перегонның жолы жаңарды. Келесі жылға да жоспарлануда. Бұл түйіспелерді азайтады, ұзын рельстердің түйіспесіз, болтсыз болуы оның күтімін де оңайлатады, қозғалысқа да пайдасы көп. Оған қоса жаңа технология артық жұмысты жеңілдетеді. Техникаларымыздың да жағдайы жаман емес. Кіші механизмге көштік. Бұрын лом, күрекпен атқарылатын жұмыстардың жетпіс пайызға жуығы енді механизмдермен жасалады. Кемшілік әлі де бар әрине, дегенмен болашақта барлығы жаңа технологияға көшірілсе, жолшылар жұмысы әлдеқайда жеңілдейтін болады, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының бастығы Бекберген Құрбанов.

Ай сайын екі рет жол жағдайын тексеріп өтетін МДК вагоны биылдыққа бір шақырымнан ғана ақау тауыпты. Ол да болса жаңа салынған, әлі толық тапсырып болмаған Құрық-Ерсай кірме жолында. Өткен жылы салыстырмалы уақытта бұл вагон дистанцияның төрт шақырым жолынан ақаулық анықтаған екен. Биыл жолдағы кемшіліктер төрт есеге дейін кеміген. Сондай-ақ, аталған диагностика вагонының жұмысы жолға қойылға- лы бұрынғы тележкалармен жүріп, жолды тексеретін операторлар жұмысы 26 адамнан 18 адамға азайған. Күні бойы ауыр арбаны сүйреп жолда жүретін мамандар басқа жұмыстарға ауыстырылған. Одан басқа төрт оператор жаңа шыққан жол тексеру арбасымен қамтылған.

– Біздің тарапымыздан жол қатынасына кедергі келтіретін ешқандай себеп жоқ. Жолдың немесе қарсы қиылыстардың ақауына байланысты пойыз жылдамдығын төмендету жағдайлары тіркелмеді. Пойыздарға қандай жылдамдық берілсе, сонымен жүріп жатыр. Бірақ қозғалысқа қауіп төндіріп тұрған бір ғана мәселе, ол – жолға мал шығуы. Қуаңшылықтан көп жердің шөбі күйіп кетіп, малдар теміржол жағасына шыққан шөпті жағалап кетті. Жолды қоршау, жөндеу жұмысы күнделікті атқарылуда. Биыл жоспар бойынша 25 шақырым малға қарсы қоршау салуымыз қажет. Соның 10 шақырымын жеті айда бітірдік. Қалғанын жылдың соңына дейін толық аяқтаймыз, – дейді дистанция бастығы.

Түбектік жолшылар биылғы жоспар бойынша №12-13 бекет арасында 17,460 км жолға күрделі жөндеу өткізу жұмысын сонау мамыр айында бітіріп қойған. Келесі жылы тағы да екі перегонда – №14-15 бекеттер, №16 бекет-Маңғыстау станциясы арасында 22 шақырымнан жалпы 44 шақырымға жоспарлап отыр.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл