Болашаққа билет: 1500 астам оқушы мен студент теміржол саласы қалай жұмыс істейтінін білді

Әлеумет
27.12.2023, 12:40
Оқуға 1 мин

Екі айлық «Кәсіптік бағдар: дұрыс таңдау - сенімді болашақ» акциясы аясында ҚТЖ объектілерінде елордалық оқушылар мен колледж студенттеріне экскурсиялар ұйымдастырылды. Жоба «Қалалық туризмді дамыту орталығы» қауымдастығымен жүзеге асырылды.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары «Нұрлы жол» вокзал кешенінде, ҚТЖ оқу орталығында және Қазақстанның орталық теміржол көлігі мұражайында жүргізілді. Балаларға мамандықтың қыр-сыры туралы айтылып, темір жол – бұл үлкен тірі организм, көптеген қызметтер мен бөлімшелердің өзара іс-қимылы екені көрсетілді.

Мұражайда саланың даму кезеңдері көрсетілген, өткен ғасырдың теміржолшылары пайдаланған бірегей экспонаттар, аспаптар мен техника ұсынылған. Балалар елордалық «Нұрлы жол» вокзал кешеніне барып, теміржолдағы жұмыстың қыр-сырына тереңірек үңіле алды.

ҚТЖ оқу орталығында тепловоз қозғалтқышының, турбокомпрессорлардың жұмысы, цилиндрдің жұмыс істеу принципі көрсетілді. Жасөспірімдер тепловоз бен электровоз кабиналары сияқты жарақтандырылған арнайы тренажерларда пойыз жүргізушісі ретінде өздерін сынап көре алды.

Сондай-ақ, балаларға теміржолдағы қауіпсіздік техникасы туралы айтылып, теміржол көлігі жоғары қауіптің көзі екені еске салынып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті