Мамандық таңдау – маңызды қадам

Әлеумет
24.05.2024, 11:45
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Оқу жылы аяқталып, мектептер мен колледж бітіруші түлектердің мамандық таңдау қажеттілігі туындады. Осыған орай ҚТЖ қызметкерлері жер-жерде кездесулер өткізіп, жастарға болат жолда еңбек етудің ерекшеліктерін түсіндіруде. Сондай бір кездесу М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының Ақмола көлік колледжінде өтті.

Жиынға студенттермен қатар мектеп бітіруші оқушылар да шақырылды. Оларға Астана-1 станциясының директоры Надырхан Қайсаров, Астана жол дистанциясы директорының орынбасары Сансызбай Беркенов, Астана белгі беру және байланыс дистанциясы директорының орынбасары Шоқан Баймолдаев өздері еңбек ететін үш сала бойынша кең түсінік беріп, кәсіби таныстырылым өткізді. Теміржол саласының 6 мамандығын оқытатын колледж студенттеріне әр сала өкілі өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайы, жалақысы мен мансаптық өсу жолы туралы берген ақпараты маңызды болғаны анық. Слайдтар арқылы Магистральдық желі дирекциясы туралы мәліметтер көрсетілді.

– Дистанция штатында мыңнан астам адам еңбек етеді. Соның ішінде ең көп мамандар – жолшылар, яғни мыңның 700-ге жуығы жол монтерлері. Олардың жұмысын үйлестіретін жол шеберлері, бригадирлер, телім бастығы деген басшылық мамандықтар бар. Қызметкерлеріміз Ұжымдық шарт негізінде көптеген әлеуметтік пакеттерге қол жеткізе алады, – деген С.Беркенов теміржолшылар пайдаланатын барлық жеңілдіктер туралы айтып берді.  

Сонымен қатар ол ҚТЖ-да жас мамандарды қолдап, дамуына септік ететін жобалармен де таныстырып өтті. Бүгінде Қазақстанда 45 жол дистанциясы бар екенін жеткізіп, түлектерді осы салада еңбек етуге шақырды. Одан әрі сөз алған Ш. Баймолдаев теміржолдағы белгі беру және байланыс құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызына тоқталды.  

– Пойыздар бір станция мен екінші станция арасында қалай қозғалады деп ойлайсыздар. Оның бәрін пойыз диспетчері басқарып отырады. Ол қай жерде қандай пойыз кетіп бара жатқанын біліп, пойыздардың қозғалысын реттейді. Соның бәрін ол арнайы заманауи құрылғылар арқылы жүзеге асырады. Мәселен, диспетчер мен машинист радиобайланыс арқылы хабар алысады. Сондай байланыс құрылғыларының бәрін жөндеп, жұмысын жүргізетін, жарамдылығын қадағалайтын біздің мамандар, электр механиктері мен монтерлер, – деген ол түлектерді осы салада білім алып, еңбек етуге шақырды.  

Ал станция бастығы Н.Қайсаров нақты теміржолшы болам деген азаматтар ғана бұл салада жетістікке жететінін айтып, Астана-1 станциясының жұмыс ерекшеліктерімен таныстырды. Сонымен қатар бүгінгі таңда теміржолға жұмысқа кіру үшін арнайы job.railways.kz порталы жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Колледж директорының орынбасары Бибіжан Аймағамбетованың айтуынша, жылына бұл оқу орнын 270-350 түлек бітіріп шығады. Олар бұл оқу орнында электрмен қамтамасыз ету, автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару, темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару және басқа да салаларда тегін білім алады. Сонымен қатар жолсеріктер дайындау бойынша қысқамерзімді курстар өткізіледі.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды