«Жастарға жұмыс» жәрмеңкесі өтті

Әлеумет
26.08.2025, 10:19
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компаниялары, соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ да жұмыс беруші ретінде қатысты.

Жәрмеңкеге 3000-ға жуық адам келді. 70-тен астам кәсіпорын, соның ішінде ұлттық компаниялар да өз вакансияларын, яғни 1000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Қатысушылар қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазахтелеком» АҚ, «DAR RAIL» ЖШС, «Home Credit Bank» АҚ, «Integra Construction KZ» ЖШС, «Қазмедиа орталығы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Astana Hub сияқты ірі компаниялар болды.  

– Жәрмеңкеде біз бүкіл Қазақстан бойынша 500-ге тарта бос жұмыс орындарын ұсындық. ҚТЖ-да рекрутингтің автоматтандырылған жүйесі – Job.railways.kz платформасы жұмыс істейді. Үміткерлер осы платформаға түйіндеме қалдыра алады. Бұл барлық азаматтарға теңдей мүмкіндіктер береді. ҚТЖ өндірістік компания болғандықтан жұмысшы персоналға үнемі сұраныс болады. Атап айтқанда, жол монтерлері, жолсеріктер, машинистер секілді мамандықтарға бос жұмыс орындары жиі кездеседі. Бұлар – теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуші негізгі мамандықтар. Жүйе автоматтандырылғандықтан, қазір жәрмеңке Астанада өтіп жатса да, келушілер үшін еліміздің кез келген өңірінен бос жұмыс орындарын қарап бере аламыз, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутинг блогының бас менеджері Айдана Жайжумова.  

Жәрмеңке «Бір терезе» қағидаты бойынша өтті. Қатысушылар жұмыс табумен қатар мемлекеттік бағдарламалар бойынша да кеңес алды. Атап айтқанда, «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны», ипотекалық несиелер, сондай-ақ NEET санатындағы жастарға арналған JOLTAP жобасы туралы ақпараттар берілді.  

Атыраудан жұмыс іздеп келген Есбол Үмбетбаев ҚТЖ-да белгі беру және байланыс саласында жұмыс істеуге ниетті екенін айтты. Себебі бұл салада оның тәжірибесі бар.  

– Басқаруды автоматтандыру саласынан арнаулы орта және сырттай жоғары білімім бар. Астанаға көшіп келдім. Теміржол саласында жұмыс істегім келеді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ – корпоративтік мәдениеті қалыптасқан компания. Осы бос орындар жәрмеңкесіне үміт арта келдім. Маған ҚТЖ мамандары арнайы платформа бар екенін, соған түйіндеме жіберуіме кеңес берді. Енді сол процедураларға кірісемін, – деді үміткер.  

Атап өтерлігі, соңғы екі жылда «Жастарға жұмыс» жобасы аясында 1,5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 150 мыңға жуық жас қамтылған. 200-ге жуық жәрмеңке ұйымдастырылып, нәтижесінде 55 мыңнан астам жас тұрақты жұмысқа орналасыпты. Мобильді топтар шалғай ауылдарға барып, 150-ден астам елді мекенде 55 мың адамға кеңес берді. Жоба ел Президентінің 2029 жылға дейін кемінде 2,3 млн жасты жұмыспен қамту жөніндегі стратегиялық мақсатына сәйкес жүзеге асырылуда. Мұндай жәрмеңкелер соңғы үш жылда еліміздің 20 аймағында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде елімізде 30 мыңнан астам жас тұрақты жұмысқа орналасты. Жәрмеңке жастар мен бизнес арасындағы тікелей диалог алаңына айналып, жас мамандарға нақты экономика секторында өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік берді.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда