Жүргізушілер мәдениеті неге төмен?

Әлеумет
28.09.2019, 14:24
Асел Танатарова

Теміржол мен автокөлік жолдары қиысатын өткелдерде орын алатын апатты жағдайлардың бәрі дерлік жүргізушілер кінәсінен болатынын жоққа шығара алмаймыз. 15 қыркүйек күні кешкісін Алматы облысына қарасты Шамалған станциясында жолаушылар пойызының темір жол өткелінде тұрған автобуспен соқтығысуы ел ішінде үлкен резонанс туғызды...

Көпшілік көпір жоқ, сондықтан апат орын алды деп теміржолды, жергілікті атқарушы билікті сынап жатыр. Бірақ, көлік жүргізушілеріне бар болғаны қауіпсіздік талаптарын сақтап, пойыз өтіп кеткенше бес-он минут шыдамдылық танытып, белгілі қашықтықта тоқтап күте тұрудың несі қиын? Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жолаушылар автобусы пойыз келе жатқанда темір жолдың үстіне шығып кеткен. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, сол сәтте темір жол өткелі маңында көлік кептелісі болған. Автобус жүргізушісі сол машиналар тізбегінің соңына тұрмай ентелеп алдыға неге өтіп кетеді? Бұл жерде нақты сол көлікке қатысты ғана айтпаймыз, жалпы осылай айдың-күннің аманында асығып-үсігіп, келе жатқан пойыздың алдын кесіп өтіп кетуге ұмтылатын жүргізушілер аз емес. Және мұндай оқиғалар елімізде соңғы жылдары көп қайталануда. Себебі не? Мамандардың бірауыздан айтатыны, басты себеп – қоғамдық және жеке көлік жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетінің төмендігі.

Жамбыл жол дистанциясының бас инженері Ғалымбек Батырбеков аймақтағы темір жол өткелдерінде көлік жүргізушілері жол белгілерін ескере бермейтінін айтады. Жоғарыда сөз болған Ақсеңгір-Шамалған өткеліндегі пойыздың автобуспен соқтығысуында да осы факторды себеп деп қарауға болады. Яғни, автобус жүргізушісі бағдаршамды елемей, темір жол өткеліне шығып кеткен. «Егер жүргізуші қарапайым ғана қағида – жол ережесін сақтағанда, қайғылы оқиға орын алмайтын ба еді. Тура осындай жағдай 2013 жылы Жамбыл облысында да орын алды. Ол кезде жедел жәрдем көлігі асығыстықпен өтіп кетпекші болып жолға шығып кетіп, пойызбен соқтығысты. Қозғалыс қауіпсіздігін ескеруде жүргізушілердің асығыстығы және жол белгілерін елей бермеуі екі жаққа да қаншама шығын алып келеді және ,өкінішке орай, адам өмірін қатерге тігеді. Адамдар сонда да өз өмірлерін ғана емес, салон толы халықтың өмірін қауіп-қатерге тігуі – барып тұрған жауапсыздық емей не? Жүргізушілерді көлік басқару мәдениетіне үйретпей жағдай түзелмейді, – деп санайды бас инженер.

Сондықтан темір жол өткелдерінде көлік кептелісін реттеу бүгінгі таңда ең күрделі мәселе болып отыр. Бүгінгі күні Жамбыл аймағында 74 темір жол өткелі бар екен. Оның 27-сі ғана күзетіледі. Бірқатар өткелдердегі шлагбаумдар кейін белгісіз себептермен алынып тасталған. Яғни, автоматты түрде басқару жоқ.

«Жоғарыда атап өткен өткелдердің қатарында Бурыл-Жаңатас және Жамбыл-Шу теліміндегі темір жол өткелдерінде күзет жоқ. Тек Жамбыл облысы орталығындағы екі-үш өткелде ғана күзет бар. Олар өткел кезекшісі және «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Жамбыл филиалының сарбаздарымен күзетіледі. Тараз қаласында көлік жүргізушілері үшін үлкен мәселе тудырып отырған «Қаратау өткелі», 5 шақырым – «Ауыл береке» базары мен 11 шақырымдағы Асқаров көшесінің соңындағы орталық базарға баратын өткелдер мен Тараз қаласының іргесіндегі Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылындағы өткел күзетілмейді. 28 шақырымдағы Жамбыл-Талас бағытындағы өткел мен Қант зауытына баратын өткел күзетіледі. Бұл өткелдерде жаяу жүргіншілер нөпірі өте көп. Жамбыл бөлімшесінің директоры Берік Ақшаловтың бастамасымен теміржолшылар жергілікті жол-патрульдік полициясының қызметкерлерімен бірнеше рет рейд өткізгенде талай заңсыздыққа куә болып, жүргізушілерге жол ережесін бұзғаны үшін түсінік жүмыстарын жүргізіп, ескерту жасап, бірнеше хаттама толтырылған.

Осы өткелдерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басшылығы мен Жамбыл облысының әкімдігіне бірнеше рет хат жолдадық, әзірге жауап болмай отыр», – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің басшысы Ермек Мұсабеков.

Биыл бөлімше аумағында көлік пен пойыздың соғысу оқиғасы орын алған жоқ. Бұл, әрине, теміржолшылардың жол-патрульдік полиция қызметімен бірлесе тынымсыз жұмыс жүргізіп, жергілікті БАҚ беттерінде үздіксіз хабарландырулар беріп, қауіп-қатердің алдын алу бағытында тынбай жұмыс жасағанының нәтижесі болса керек. Тек, бір күні жүгенсіз жүргізушінің тағы бір апатқа себеп болмасына кім кепіл?

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?