Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы қалай басталды?

Әлеумет
21.09.2019, 21:32
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ сахарасын кесіп өткен Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы басталды. Тарихи деректерге сүйенсек, Ресей патшалығы үшін Орта Азияға баратын теміржол салу аса маңызды болған. Екі-үш онжылдықта қайта-қайта қаралып, бірнеше жобасы сызылып, ақыры 1900 жылы құрылысты бастау қолға алынады.

1901 жылы 26 сәуірде Ресей патша үкіметінің Мемлекеттік Думасында алдын ала бекітілген екі бағыт бойынша, яғни шығыста Орск-Торғай және батыста Илецк-Ақтөбе-Шалқар-Қазалы арқылы шойын жолдар із сала бастады. Құрылысты жүргізу барысында Шығыс бағыты тиімдірек болды, мұнда су мәселесі оңайырақ, әрі теміржол Орал зауыттарына жақын болды. Ал өңдеу жағына келгенде Батыс жақ бағыты қолайлы болды. Сондықтан Илецк, Ақтөбе, Шалқар қалаларынан өтетін болғандықтан және жер жұмыстарының да аздау болғандығынан барлық жұмысты осы бағытта жүргізуге ұйғарым жасалды.

Бұл өңірде әлі жұмысшы табаны буыны бекіп, теміржолшы мамандығын игеру қалыптаса қоймаған кездің өзінде 50 мыңға жуық жергілікті халық құрылысқа тартылып, 1785 км созылған ауқымды теміржол құрылысын салуға белсене қатысты. 1904 жылы 1 қаңтар күні ОрынборҚазалы телімі пайдалануға берілсе, 1905 жылы 5 қаңтар күні солтүстік және оңтүстік бөліктерін қосу құрылысы Ташкент – Қазалы телімі бойынша түгел бітті. Осы Орынбор-Ташкент темір жол магистралі арқылы жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы басталған күні, Түркістан станциясына Е 551 сериялы паровозымен бірінші поезд келді...


Міне, бүгінде Түркістан локомотив пайдалану депосының мұражайында осы тарихи оқиғаны бейнелеген суреттер көздің қарашығындай сақтаулы тұр.

Шындығында, магистраль құрылысы қандай қиындықтармен салынғанын тарихшылар аз жазбайды. Халық аз қоныстанған жерлермен өтіп, құрылыс материалдары, жұмысшы мамандар сырттан әкелінді, жабдықтау мәселесі де қиын болғаны айтылады. Соған қарамастан магистраль құрылысшылары күні бүгінге дейін халыққа қызмет етіп келе жатқан магистраль құрылысын өз мерзімінде бітіріп, пайдалануға берген. Түркістан темір жол торабы да осы ұлы құрылыстың бір жобасы. Станцияда негізгі нысандарымен қатар паровоз депосының да іргетасы сол кезде қаланғаны белгілі. Бүгінгі Түркістан локомотив депосы өз бастауын сол паровоз депосынан алады.

Австриялықтардың жобасы бойынша веерлік типпен 1903 жылы негізі қаланып, жалпы көлемі 2223 шаршы метр, 4 бөлімнен 16 қарау жырасы (канава), айналма шеңберлі етіп салынған депоны 1904 жылы толық пайдалануға берілген паровоз депоны іске қосу барысында механикалық, темір соғу, ағаш шеберханасы, тежегішті жөндеу, мыс құю, т.б. да қосалқы цехтар салынып, паровоздарды жуып, тазарту, жөндеу жұмыстары алғашқы күндерден-ақ жүргізіле бастаған. Депо тарихының ғасырлық күнделігінің алғашқы парақтары осылай жазыла бастапты.

Бір ғасырда талай тар жол, тайғақ кешуді бас-тан кешкен депо тарихы мұражайда қаттаулы тұр. Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған бұрыш ғажайып ерлік оқиғаларына толы. Жүздеген білікті машинистер мен олардың көмекшілері, кочегар мен жөндеушілер қан майданға аттанды. Олардың қатарында ерліктің хас үлгісін көрсеткен М.Атабаев, Ә.Үсенов, Р.Мырзакаримов, К.Алтыбаев, П.Веклич, Р.Вахапов, Ж.Ибрагимов, Д.Саңғылбаев, Б.Савельев, Н.Шибаев, А.Абдрахманов, т.б. жайлы деректер музейде қаттаулы тұр. Теміржол училищесі оқушылары, жасөспірімдер мен әйелдер, машинист, көмекші, кочегар, жөндеуші мамандығын меңгеріп, майданға кеткен ер адамдарды алмастырды.

Олар адам төзгісіз ауырлыққа, аштыққа қарамастан ерен еңбегіменен күні-түні майданға жіберілетін азық-түлік, оқ-дәрі, т.б. керек-жарақ жүктерді уақытылы жөнелтумен қатар цехта түрлі калибрлі оқтар құйды. 1942 жылы күзде майданға аттанып, атқыштар дивизиясының құрамында алғы шепте болған шайқастардың бірінде жау танкісінің астына кіріп, оны өртеп жіберген түркістандық машинист Әбділдә Үсеновке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ұлы Отан соғысы басталысымен-ақ елдің теміржол тораптарында тек майдан эшелондарын жүргізу үшін майдан паровоз колонналары құрыла бастағаны аян. Соғыс жылдарында бұл колоннаның паровоздары тек майдан пойыздарын жүргізген машинистер қатарында түркістандық Қ.Алдабергенов, Қ.Абдрахманов, И.Афанасьев, А.Балтабаев, Қ.Мамбетов, А.Маметов, Н.Ростов, Т.Тайтанов, Ш.Тұрсынбаев, М.Шаметов, А.Диметов, С.Пошанов, А.Сагдуллаев, т.б. болды. Ерен еңбектерімен Ұлы Жеңіс күнін жақындатқан бұл ерлер есімі депо тарихында мәңгі алтын әріптермен жазылып қалған.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты