Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды

Жаңалықтар
09.09.2026, 12:08
Оқуға 1 мин
Сурет: Көліктегі ПД

Көліктегі полиция департаменті «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында үш айдың ішінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты 95 құқық бұзушылықты анықтағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көліктегі ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Фараби Елубаевтың мәліметінше, анықталған деректердің арасында есірткі өткізудің 18 фактісі, аса ірі көлемде сақтаудың 3 дерегі және 6 контрабанда фактісі бар.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында заңсыз айналымнан 240 келіден астам түрлі есірткі құралы тәркіленді.

Сонымен қатар еліміздің әуежайлары мен теміржол вокзалдарында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 63 адам жауапкершілікке тартылды. Олардың жетеуі шетел азаматы. Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Фараби Елубаев жүргізілген жұмыстың нәтижесі ретінде Жамбыл облысының тұрғынын ұстау дерегін атап өтті. Күдіктіден Қазақстан аумағында әрі қарай өткізуге дайындалған 37 келіден астам марихуана тәркіленген.

Көлік полицейлері әуежайларда, теміржол вокзалдарында, жолаушылар пойыздарында және басқа да көлік инфрақұрылымы нысандарында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жалғастырып жатыр.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті