Бірнеше ұлттың қаны араласқан теміржолшының өнері

Әлеумет
10.06.2020, 10:42
Асхат Райқұл

Қандайда бір ұлт немесе ұлыс болсын бауырына басып, төріне шығарып, өзіне жақын тартқан, көңілі дархан халқымыздың қадір-қасиетін ардақ тұтып, қыз алысып, қыз берісіп, құда-жекжат, дос болып, етене араласып кеткен өзге ұлт өкілдері елімізде жетерлік. Мәселен, тараздық теміржолшы Мұстафа Машраповтың ұлты қазақ болғанымен, анасы Анна Андреевна неміс қызы, әкесі Әмірбектің шешесі Урзапия – татар қызы екен. Ал өзінің жұбайы Сағынбүбі қырғыз қызы... 

Мұстафа Машрапов теміржолдағы еңбек жолын өткен ғасырдың 89-шы жылы бастапты. «Әскерден жаңа оралған кезім, жасым жиырма бірде, көрші Түлкібас ауданында Састөбе станциясында жұмыс істеп бастадым» деген Мұстафа аға онда жеті ай ғана еңбек етіп, жазу-сызудан хабары бар ҚазМУ-дің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің сырттай бөліміне құжат тапсырып, оқуға түсіп кетіпті. Содан соң Алматы қаласына қоныс аударып, тұратын жатақхана керек болғандықтан, студенттердің құрылыс жасағына кіреді. «ҚазМУ қалашығында «Алатау» деген жатақхана болатын. Сол жерден орын алу үшін сонда жұмысқа кірдім. Онда бір жарым жыл жұмыс істеп, 1983 жылдың жазында теміржолға қайта барып, вагон қараушы болып жұмысқа орналастым» дейді. 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1994 жылы қолына филолог деген табақтай диплом алып туған жерге оралған жас жігіт ендігі өмірін өз мамандығымен байланыстыруды ойлап, мектепке қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмысқа тұрады. Тараз қаласындағы №49 мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналасып, тәп-тәуір ұстаз болып, орта сыныптарға сабақ беріп жүрген. Негізгі мамандығы да сол емес пе? Алайда, сол жылдары орын алған экономикалық күрделі ахуалға байланысты мұғалімдердің жалақысы айлап, жылдап берілмей кеткен соң бүл кезде үйленіп, бала-шағасының басы құралып қалған жас отбасыға қиын тиеді. «Бала-шағаны асырау керек, қарыз көбейіп кетті. Сондықтан «көрген жерде ауыл бар» деп қайтадан өзім білетін теміржолға ат басын бұрдым да біржолата тұрақтап қалдым» дейді Мұстафа Машрапов сол бір қиын кезді еске алып.

Теміржолда тапжылмай ұзақ жыл еңбек етіп, тек соңғы жылдары ағамыздың денсаулығы да сыр бере бастаған соң Шайқорық станциясындағы Вагон дайындау пунктіне слесарь болып ауысады. «Жұмыс қиын емес, вагондардың сынып қалған құрылғыларын дәнекерлейміз, серіппелерін ауыстырамыз, тетіктерін жөндейміз. Өзіме ұнайды, өмірімді шойын жолсыз, вагондардың иісінсіз, пойыздардың дүрсілінсіз елестете алмаймын, аманшылық болса осы жерден зейнетке шығармын» деп ағынан жарылды кейіпкеріміз. 

Мұстафа Машрапов әзіл-шыны аралас «кәсібім – теміржолшы, хоббиім – өлең жазу» деп бекер айтпайды. Өлеңдері поэзияның барлық талаптарына сай келіп тұр, ұйқастарын балталасаңыз да бұза алмайсыз, буындары төрт аяғын тең басқан жорғадай. Өзі – екі кітаптың авторы. Ең алғаш 2006 жылы тырнақалды жыр жинағы жарық көріпті. «Қиялдың қанатында өмір сүрдім» деген кітабы оқуға жеңіл, мазмұнды, лирикаға толы.

«2013 жылы балаларға базарлық жасағым келіп, бір кітап жаздым, «Жұмбақтар жорамалы» деген. Ішінде 127 жұмбақ бар. Қазіргі таңда тағы бір кітап дайындап отырмын. Оның аты «Жүрек көзі» немесе «Жұмылмайды махаббаттың жанары» деп аталады. Мұны былтыр алпыс жасқа толған мерейтойымның алдында шығарамын ба деп ойлап едім, үлгермедім.

Енді биыл баспаға беремін» дейді теміржолшы. Кезінде теміржолда, облыста өткен талай өнер сайыстарына қатысып алған жүлделері де жетерлік. «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнен алған дипломы да бар. Бойында қазақтан бөлек, неміс, татар сынды бірнеше ұлттың қаны араласқан ағамыздың «неге сарысың?» дегендерге жауабым» деп оқып берген өлеңі естен шықпай жатталып қалыпты...

Бұл неге сары десеңіз,

Немістің қызы – шешеміз.

Орысша жөн сұрасып,

Қазақшаласып кетеміз.

Бұл неге сары десеңіз,

Татарға жиен әкеміз.

Нағашы етіп татарды,

Басталған біздің қатеміз.

Болғанмен сары түр-өңім,

Тілім мен ділім, тілегім,

Намысым, тәлім-тәрбием,

Тап-таза қазақ жүрегім. 


Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?