Жаңабаевтар отбасылық командасы ҚТЖ намысын қорғап жүр

Спорт
06.09.2022, 11:18
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Тараз төріндегі «Тараз-Арена» спорт кешенінде жыл сайын «Отбасы күніне» орай өтетін дәстүрлі «Бір атаның балалары футбол ойнайды» республикалық турнирі болып өтті.

Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 33 команда қатысты. Биыл осымен 21 рет ұйымдастырылып отырған шараға соңғы 6 жылда үздіксіз қатысып келе жатқан Арыс станциясынан келген Жаңабаевтар командасы да қатысты. Әйгілі теміржолшылар династиясын құрайтын әулет мүшелерінен жасақталған командаға жетекшілік ететін Панзарбек Жаңабаев бүгінде зейнеткер. Қырық бес жыл Арыс белгі беру және байланыс дистанциясынан электромеханик болып еңбек еткен. Бір қызығы, бұл команда барлық жарыстарда «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілі ретінде қатысып жүр екен. Өйткені, теміржолшылар арасынан мұндай жанұялық команда бұрын-соңды болмаған екен.

 – Ата-анамыз теміржолшылар болған соң, өзіміз Арыста туған соң біздің теміржолшы болуымыз заңдылық деп ойлаймын. Отбасында жеті ұлмыз, жетеуміз де болат жолда еңбек етіп, нәпақамызды осы саладан таптық. Ағам екеуміз қазір зейнеттеміз. Бәріміз спортқа жақын болған соң, ағайындылар бір команда құрып, бірнеше жыл болды түрлі жарыстарға қатысып ойнап жүрміз, – дейді команда капитаны.  

Айтуынша, бүгінде Арыс станциясында 8 теміржолшылар командасы бар. Оларды осындай жарыстарға қатысуға шақырса, демеушілердің жоқтығынан, қолдың қысқалығынан бара алмай жатады екен. Ал, Жаңабаевтар жарыстарға өз қаржысымен барады. Осыны Ұлттық компанияның тиісті мамандары ескерсе дейді.  

Екі күнге созылған доп додасының алғашқы ондығына енгенімен, кейінгі ойындарда бағы мен бабы келіспей, жүлделі орындарға ілінбеген теміржолшылар командасының басты ұстанымы «Міндет жеңу емес, қатысу» екен.  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл