Тастаяқтың шебері

Спорт
09.12.2022, 10:31
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл темір жолында қандай да бір мәдени, спорттық, қоғамдық немесе қайырымдылық шаралардың бел ортасынан табылатын бөлімше кәсіподағы ұйымының сарапшысы Серік Наурызбаев – ортасына сыйлы, ұжымда беделді азамат. Ал оның тастаяқ ойнаудағы шеберлігіне көпшілік тәнті.

Серік Кенжебайұлы еңбек жолын Қазалы станциясында бастап, алдымен материалдық базада кейін Қазалы вагон жөндеу депосында 2009 жылға дейін еңбек етеді. Ал 2010 жылы Тараз қаласына қоныс аударып, осындағы Жамбыл вагон жөндеу депосында еңбек жолын жалғастырады. 2014 жылы кәсіпорын қызметкерлері Серік Наурызбаевтың ұйымдастырушылық қабілетін бағалап, оны кәсіподақ цехының төрағалығына сайлады. Ал 2017 жылдан Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымында сарапшы. Содан бері кәсіподақ жұмысын жандандыруға атсалысып, талай игі істерге ұйытқы болып келеді. Әсіресе түрлі спорттық жарыстарды ұйымдастыруда Серік Кенжебайұлының тәжірибесі жетерлік. Өзі де спортпен тұрақты айналысады, сүйікті ойыны – тастаяқтың хас шебері. Ұлттық компания бойынша аймақтағы кәсіпорындар арасындағы бильярд ойыншыларының үздіктері қатарында. Тараз қаласы бойынша чемпион. Серікпен жекпе-жек шығу үшін оны арнайы іздеп келетін ойыншыларды да талай көрдік. Әрине, ондайда «бәс» тігіледі. Теміржолшылар «бәс» тігілді дегенше «бас» тігілді десеңші» деп, Серіктің жанкүйері болуға асығады...  

– Бильярд ойыны аса үлкен тактиканы, мұқият әдіс-тәсілді және шеберлікті қажет етеді. Кейде, ойыншының психикалық ахуалы да әсер етуі мүмкін. Ойын барысында бильярд үстелін айналып жүріп, бірнеше шақырым жүріп тастағаныңды да байқамай қаласың, – дейді кейіпкеріміз. 

«Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Аманкелді Байходжаев: «Серік – жамбылдық теміржолшылардың мақтанышы. Ол теміржолшылар арасында өткен тастаяқ ойындарында бөлімше намысын қолдан берген емес. Бүгінде тастаяқ ойнайтын бірқатар жастар Серіктің шәкірті болып, одан шеберлік сабақ алуда», – дейді.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл