Жамбылдық теміржолшылар арасында шахмат ойыны жақсы дамыған

Спорт
13.12.2022, 11:50
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл вагон жөндеу депосының ұжымы мекемеде ұзақ жыл вагон қараушы болып еңбек еткен ардагер, марқұм болған әріптестері Виталий Соколовты еске алуға арналған спорттық шара өткізді.

«Виталий Соколов кәсіби теміржолшы болумен қатар шахматты жанындай жақсы көрген ойыншы еді. Бірнеше республикалық және облыстық біріншіліктерде топ жарып, кәсіпорынның абыройын көтерді», – деп еске алды спорттық шараның ашылуында сөз сөйлеген депо директоры Талғат Советұлы.  

Ойшылдар ойынында Ревизорлық бақылау аппараты басшысының орынбасары Дархан Құндызбеков әріптестерін ойсырата ұтып, жүлделі бірінші орынды иемденді. Вагон қараушы Андрей Швалев екінші орны алды. Ал дойбы жарысынан вагон қараушы Ерлан Оразанның мерейі үстем болды. Екінші орынды кадрлар бөлімінің менеджері Баян Қонысбаев, үшінші орынды нұсқаушы Рахман Құдайберген алды. Үстел теннисі ойынында вагон қараушылар – Әміржан Байжан бірінші орын, Есеналы Пияев пен Әуезхан Жаскіленов екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Барлық жүлделі орын иелері қаржылай сыйлықтарға ие болып, Алғыс хат алды.

Айта кету керек, жамбылдық теміржолшылар арасында шахмат ойыны қатты дамыған. Қай мекемеде болсын ойшылдар ойынында осалдар жоқ. Тараз темір жол көлігі оқу орталығында өткен шахмат жарысы да кіл мықтыларды танытты. «ЖамбылРемСервис» ЖШС тауар қабылдап-жөнелтуші Досбол Түймебек бірінші, Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы өндірістік оқыту шебері Марат Кұлбаев екінші және Жамбыл локомотив пайдалану депосының ардагері Виктор Устинов үшінші орынды иеленді.  

 

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды