Мерекеге орай ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті

Спорт
10.01.2023, 11:10
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы сала ардагерлеріне жаңа жылда мерекелік көңіл күй сыйлады. Зейнеттегі ақсақалдардың басын қосып дойбы мен шахматтан жарыс ұйымдастырып, соңынан дастархан жайды.

Ардагерлермен басқосуға Астанадан арнайы келген қонақ – «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов сөз сөйлеп, Қазақстан темір жолының 25 жылдығы мен Сала кәсіподағының 30 жылдығы кең көлемде атап өтілген жылда жүзеге асырылған шараларға тоқталды. Осы мерейлі даталарға орай ұйымдастырылған іс-шараларда сала ардагерлері де ұмыт қалмағанын жеткізіп, олардың ерекше белсенділігі үшін алғыс айтты. Кәсіподақтың Жамбыл филиалының төрағасы Жұман Сәменов пен Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Ақшораев та құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге амандық тіледі.  

Көптен бері бас қоспаған ардагерлер дастархан басында өткен-кеткеннен естелік айтып, әдемі әңгіме шертіп, көңілді отырды. Ал дойбыдан өткен жарыста бірінші орынды Жамбыл жол дистанциясының ардагері Баймахан Дәрібаев иеленсе, екінші орынды Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының ардагері Қанат Сембиев, үшінші орынды Жамбыл локомотив пайдалану депосының ардагері Мейірбек Тұстықбаев иеленді.  

Шахматтан Жамбыл локомотив пайдалану депосының ардагерлері Талғат Шоңғараев бірінші, Көшербай Назаралиев екінші орынды иеленді. Ал Жамбыл бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының ардагері Бауыржан Найманбаев үшінші орынды місе тұтты.  

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілсе, қалған сала ардагерлері де сый-сияпатсыз қалмады. Кешке дейін көңіл көтерген ардагерлер тамаша көңіл күймен тарқасты.  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл