Приозерск командасы шайбалы хоккейден жеңімпаз атанды

Спорт
03.02.2023, 10:44
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Өткен сенбі күні Сарышаған станциясындағы теміржол мекемелері арасында шайбалы хоккейден жарыс өтті. Мектеп көшесіндегі атшаптырым алаңдағы мұз айдынында өткен жарыс жергілікті теміржолшылар үшін нағыз спорт мерекесі болды.

Жалпы, Сарышаған станциясы Қарағанды облысының аумағында орналасқанымен, ондағы темір жол мекемелерінің дені Жамбыл бөлімшесіне қарайды. Дегенмен, жарысқа Қарағанды және Жамбыл бөлімшесіне қарасты станциялардан теміржолшылар қатысты. Жамбыл облысынан Сарышаған, Ағадыр станциялары және Қарағанды облысынан Приозерск қалашығы және Ақтоғай, Ақжал станцияларынан барлығы алты команда келді.  

Жарысқа Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымы демеушілік жасап, спортшылардың сол күнгі ыстық тамағын ұйымдастырып, барлық жағдайларын жасады. Көк мұз үстінде сынаптай сырғанаған болат жолдың майталмандары кәнігі ойыншылардай өнер көрсетті. Өзара жарысқан командалар ойыннан өздері де ерекше ләззат алғандарын жасыра алмады. Нәтижесінде Приозерск командасы жүлделі бірінші орынды, Сарышаған құрама командасы екінші, Ағадыр станциясы үшінші орынды иеленіп, кубок, бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.  

Сарышаған белгі беру және байланыс дистанциясы кәсіподағының төрағасы Ермахан Абуталиповтің айтуынша, енді спорттың осы түрін дамыту мақсатында жыл сайын жарыстар ұйымдастырып тұру дәстүрге айналмақ.  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл