Жеңістің 78 жылдығына орай спорттық жарыстар өтті

Спорт
07.05.2023, 09:27
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Кәсіподақ ұйымы бекіткен күнтізбелік жоспар бойынша жамбылдық теміржолшылар арасында Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған спорттық жарыстар басталып кетті.

Сарышаған, Түлкібас станцияларында қыздар арасында дартстан, ал жігіттер арасында дойбыдан сайыс өтті. Қыздар арасында 1-орынды белгі беру және байланыс дистанциясының байланыс электромеханигі Гүлзада Жангутиева иеленсе, екінші және үшінші орынды жол дистанциясының технигі Айнұр Айымбекова мен байланыс дистанциясының байланыс электромехнигі Әсел Оспанова өзара бөлісті. Ал дойбыдан 1-орын жол дистанциясының бас механигі Думан Искаковке, 2-орын электрмен жабдықтау дистанциясының аға электромеханигі Әнуар Түлеубековке, 3-орын байланыс дистанциясының кадр жөніндегі маманы Ермахан Әбдрайымовқа бұйырды.  

Түлкібас станциясында өткен дартста І орынға жол дистанциясының жетекші инженері Зибагүл Тлебалдиева, ІІ орынға РЦО жетекші маманы Умида Исламова, ІІІ орынға жол инженері Гүлмира Жетпісбаева ие болды. Дойбы ойынында жол монтері Мұрат Каримов, өткел кезекшілері – Палымжан Ташенов пен Нұрсұлтан Керімбай шеберліктерін байқатты.  

Тараз көліктегі оқыту орталығындағы курсанттар арасында да кір тасын көтеру, тоғызқұмалақ және үстел теннисі бойынша жарыс өтті. Кір тасын көтеруде қалпына келтіру пойызының жүргізушісі Гияс Әбдрахманов ешкімге дес бермеді. Ал Жамбыл вагон жөндеу депосының вагон қараушысы Андрей Швалов екінші, Тараз әскерилендірілген теміржол күзетінің сарбазы Сатыбалды Шатырбаев үшінші орынды иеленді. Тоғызқұмалақ ойынында қыздардың мерейі үстем болды. Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханигі Мээрим Кочорбаева бірінші, байланыс дистанциясының электромонтері Зарина Анарбекова екінші, жетекші инженері Тимур Анарбеков үшінші орынды иеленді. Үстел теннисінде Тараз көліктегі оқыту орталығы директорының орынбасары Владимир Белоногов бірінші, Жамбыл вагон жөндеу депосының вагон қараушысы Әміржан Тайжан екінші, электрмен жабдықтау дистанциясының электромонтері Аслан Сейлеканов үшінші орынды иеленді.  

– Жеңімпаздардың барлығы кәсіподақ тарапынан арнайы жүлдеге ие болды. Жақын арада ардагерлер арасында жарыс ұйымдастырылады, – дейді спорт нұсқаушысы Евгений Тянь.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда