Теміржолшылар спорттың бірнеше түрінен бақ сынасты

Спорт
28.07.2023, 10:19
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Нұрлы жол» вокзал кешенінің қызметкерлері арасында теміржолшылардың төл мерекесі қарсаңында спорттың бірнеше түрінен жарыс өтті.

Вокзал басшылығы мен кәсіподақ ұйымы бірлесе ұйымдастырған жарысқа вокзалдың өндірістік персоналы, атап айтқанда, №1, №2 және №3, №4 ауысым қызметкерлері қатысты. Спорттық іс-шара елордадағы паркте өтті. Қатысушылар шеңберге доп салу, жіппен секіру, дартс ойнау, түрнекке тартылу, планка жаттығуы, арқан тартудан өзара бақ сынасты.  

«Бақ шаба ма, бап шаба ма» демекші, жарыс кезінде командалар бірін бірі басып озуға тырысып өте тартысты ойын үлгісін көрсетті. Оларға Кәсіподақтың Орталық аппараты өкілдері баға беріп, қазылық етті. Жарыс нәтижесі 28 шілде шығарылып, бірінші орын алған командаға Алғыс хат пен 50 мың теңге, екінші, үшінші орынға 20 мың теңгеден сыйақы беріледі. Сонымен қатар «Үздік ауысым» аталымын жеңіп алған қызметкерлер командасы арнайы марапатталады.  

Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, вокзалдың кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұласбек Бейімбеттің айтуынша, жарыстың мақсаты – теміржолшылар арасында спорт пен бұқаралық дене тәрбиесін сақтауды насихаттау, сала қызметкерлерінің денсаулығын нығайтып, ұлттық компанияның құрама командаларына мықты спортшылар іріктеу.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда