Арыста теміржолшылар спартакиадасы өтті

Спорт
02.08.2023, 12:50

Ежелден теміржолшылар қаласы атанған Арыста қала күні де тамыз айының алғашқы жексенбісінде аталып өтуінің ерекше символикалық мәні бар.  Бұл – халқының негізгі бөлігін құрайтын кәсіп иелеріне құрмет деп түсінген жөн. Арыста күні кеше кәсіби мереке құрметіне спорттың сегіз түрінен дүбірлі жарыс өтті.  

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филиалының ұйымдастыруымен Арыс қаласының орталық стадионында 29-30 шілдеде екі күн қатарынан өткен спартактиада ойындарына 150-ден астам теміржолшы қатысты.  

Тек Арыстың өзінен Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының «ШЧ-38» командасы, Арыс жол дистанциясының «ПЧ-54» командасы, Арыс вагон пайдалану депосының «ВЧД-30» командасы, Арыс станциясының «ДС Арыс» командасы, Арыс локомотившілерінің «ТЧЭ-32» командасы сияқты 5 команда қатысты. Сонымен қатар Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының «ЭЧ-24» командасы мен «ДС Сарыағаш» командасы қонаққа келді.    

Екі күн бойы спорттың футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату, қашықтыққа секіру, жүгіру, қол күресі түрінен бақ сынасқан командалар күннің аптап ыстығына қарамастан жан алып, жан берісті. Спартакиада Арыс қаласының орталық стадионының ашық және жабық алаңдарында ұйымдастырылып, бірнеше ойын қатар өтуіне мүмкіндік жасалды. 

   

Спартакиада қорытындысы бойынша футболдан 1-орын ШЧ-38 командасы, 2-орын ТЧЭ-32 командасы, 3-орын ВЧД-30 командасы алды. 400 метрге жүгіру жеңіл атлетика эстафетасынан да 1-орын ШЧ-38 командасы ешкімге дес бермеді.  

2-орынды мұнда да ВЧД-30 командасы, ал 3-орынды ТЧЭ-32 командасы иемденді.  Арқан тартудан 1-орын ТЧЭ-32 командасына, 2-орын ШЧ-38 командасына, 3-орын ВЧД-30 командасына бұйырды.  

Тоғызқұмалақ ойынының шеберлері болып Айнұр Жанабаева мен Саят Парпиев танылды. Нағима Есіркепова, Азамат Байтанаев – екінші, Гүлжан Абишева мен Саят Қияшев үшінші орын алды.  

Жеңіл атлетика және 100 м секіруден Айгүл Спабекова мен Мақсат Еркіннің бағы жанды. 2-орыннан Гүлжан Абишева мен Асқар Қарабек, 3-орыннан Роза Қабулова мен Нұрлан Қаржау көрінді. Үстел теннисінің шеберлері Айман Тұрмаханова мен Нұрлан Зайнилов болды. 2-орын Айгүл Бердиярова мен Қанат Бапаевқа, 3-орын Забира Маметова мен Бақытжан Сарыпбековке бұйырды.  

Асық атудан 1-орынды Асхат Жанәділ мен Сауле Данышпаева жеңіп алды.  

2-орын Асылбек Сарабек пен Әлия Бердияроваға, 3-орын Әсет Тоқтарбек пен Айнаш Сүлейменоваға тиесілі болды. Қол күресінен Дана Жұмабекова мен Бақыт Боранбаев басым түсті. Забира Маметова мен Бейбарыс Қаржау, Гүлжан Ержанова мен Жандос Тұрымбетов кейінгі орындарды бөлісті.

Барлық жеңімпаздар алғыс хаттармен және естелік медальдармен марапатталды. Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Ильяс Нұржанов пен Арыс станциясының бастығы міндетін атқарушы Эдуард  Дербісов теміржолшыларды көлік қызметкерлері күнімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда