Спартакиада: ҚТЖ командасы төртінші орын алды

Спорт
21.08.2023, 11:42
Суретті түсірген Нұрбол Есімбек
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығына орай 18-20 тамыз аралығында Қордың компаниялар тобы қызметкерлері арасында дәстүрлі  VIII Спартакиада өтті. Биыл 8-ші рет ұйымдастырылған ауқымды сайыс барысында Қор құрамындағы 16 компания еңбеккерлері 11 спорт түрінен күш сынасты. Жарыс нәтижесінде ҚТЖ компаниясы командалық есепте 4-орынды иемденді.    

Байрақты бәсекеге «Samruk United» құрамасы, «Қазпочта» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Эйр Астана», «КEGOС» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Qazaq Air» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ,  «Samruk-Kazyna Trust» КҚ, «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ спортты серік 845 өкілі жекелей жарыстар тұрғысында үстел теннисі мен шахмат, тоғызқұмалақ, армрестлинг, жүзуден тартысқа түссе, топтық аламандарда футзал, волейбол, баскетбол, арқан тарту, асық ату және киберспорт бағыттарында жеңіске жетуге ұмтылды. Соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша 75 теміржолшы қатысты.  

Спартакиаданы өткізудегі негізгі мақсат – корпоративтік мәдениет пен ұжым ішіндегі байланыстарды нығайтып, барлық қатысушыны «Бір команда – бір мақсат!» ұраны аясында ортақ идеяның айналасына біріктіру, жеңіске бірге жету идеясын насихаттау. Мұнай-газ өнеркәсібі, металлургия, көлік және басқа да инфрақұрылымды қоса алғанда көптеген экономика салаларында сенімді серіктес компаниялар спортта да көшбасшы екенін дәлелдеді. Іс-шараның ашылу салтанаты алдында ҚТЖ бас ғимаратының спорт залына жиналған қатысушы теміржолшыларға компанияның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев сәттілік тіледі. Ол сондай-ақ спартакиадаға қатысушыларды ынталандыру мақсатында олардың бәріне бір жалақы көлемінде, 1 орын алғандарға одан бірнеше есе көп сыйақы берілетінін айтты. Спортты серік еткен теміржолшыларға арнап арнайы спорттық киім алып берілді. Олардың көбі – барлық спорт түрінен бұған дейін жеңімпаз болып жүрген теміржол қызметкерлері.  

 – Мен шахматтан жарысқа келдім. Шахматты мектеп кезінен ойнаймын. Ал бұл спартакиадаға осымен екінші рет қатысып тұрмын. Былтыр 6-орын алдық. Жалпы шахмат бойынша ҚТЖ-дан 4 адам қатысып жатыр. Өзім теміржолда 20 жылдан бері еңбек етіп келемін. Бұл жарыста жеңісті қолдан бермеймін деп сенемін, – деді спартакиада алдында тілдескен Орал жүк тасымалы бөлімшесінің персонал жөніндегі менеджері Гүлжан Аманова.  

– Үстел теннисінен бақ сынауға келдім. 2016 жылы ҚТЖ бойынша қатысып, 1-орын алғанмын, 2019 жылы Алматыдағы жарыста 3-орын алдым. Былтыр да бірінші орынды иелендік. Үстел теннисінен де ҚТЖ бойынша 2 ер адам, 2 әйел адам қатысудамыз. Еңбек жолымда жолшыдан бастап басшылық қызметке дейін көтеріліп, теміржолға қызмет етіп келе жатқаныма 32 жыл болды, – деді  Көкшетау жол дистанциясы директорының орынбасары Бейбіт Молдияров.  

Елордадағы Назарбаев Университетінің Атлетикалық орталығында өткен жарыстың бірінші күнінде қатысушылар шахматтан, үстел теннисінен, киберспорт түрлерінен жарысқа түсті. Ал 20 тамызда волейбол мен арқан тартудан, футзалдан бақ сынады. Жарыс нәтижелеріне келсек, армрестлинг ойыны бойынша ҚТЖ қызметкері Алла Штрошерер 3-орын алды. Футзалдан компания командасы 2-орынды иеленді.  

 

Әлемде
24.04.2026
CRRC Нинбо қаласының маңындағы желілерге арналған жүрдек пойызды таныстырды
Инфрақұрылым
24.04.2026
Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесін жаңғырту аяқталды
Трансформация
24.04.2026
ТЖЫҰ: XL мерейтойлық жиын өтті
Жаңалықтар
24.04.2026
Орта дәлізді дамыту үшін күш біріктіруде
Трансформация
24.04.2026
Локомотив құрастырудың қазақстандық үлгісі
Жаңалықтар
24.04.2026
ҚТЖ мен Қытай мемлекеттік корпорациясы транзиттік әлеуетті дамытуға уағдаласты
Аймақтар
24.04.2026
Тараз және Ташкент колледждері бірлескен жобаларды қолға алады
Спорт
24.04.2026
Теміржолшылар арасында «Кәсіподақ төрағасының кубогы» басталды
Жаңалықтар / Мұрағат
24.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №31 24 сәуір 2026 жыл
Жаңалықтар
23.04.2026
Достық аллеясы – теміржолшылар бірлігінің символы
Жаңалықтар
23.04.2026
Астанада ТЖЫҰ Темір жолдар бас директорлары конференциясының XL отырысы хаттамасына қол қойылды
Аймақтар
23.04.2026
Семейлік теміржолшылар Бейбітшілік аралын көгалдандыруға үлес қосты
Спорт
23.04.2026
Жамбыл филиалында футболдан тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
23.04.2026
Олжас Бектенов Қазақстанның логистикалық әлеуетін арттырудың басым бағыттарын атады
Жаңалықтар
23.04.2026
Елімізде 5 мың шақырым жаңа теміржол салынады: Олжас Бектенов
Жүк тасымалы
23.04.2026
Транскаспий бағыты бойынша транзит үш есе артты
Жаңалықтар
23.04.2026
Маңғыстау вокзалы заман талабына сай жаңартылады
Жаңалықтар
23.04.2026
«ҚТЖ» мен Вьетнам теміржолы жүк тасымалын арттыру мәселесін талқылады
Жаңалықтар
22.04.2026
Қазақстан Моңғолияға алғаш рет отандық вагондарды экспорттайды
Жаңалықтар
22.04.2026
ҚТЖ мен Қытай темір жолдарының ынтымақтастығы: Талғат Алдыбергенов Ван Цзиньсимен кездесті