Үздік құрама анықталды (Фото)

Спорт
31.08.2023, 12:00
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясында «Қазкөліккәсіп» ҚБ кубогы үшін теміржол футбол лигасының шағын футболдан іріктеу туры өтті. Дүбірлі додаға аймақтағы салалық ұжымдардан 8 құрама команда қатысып, жеңімпазға берілетін жолдаманы сарапқа салды.  

Динамо спорт кешенінде өткен спорт сайысы ә дегеннен қызу басталды.  Алдымен командалар бір-бірімен ойнап, ұпай санымен төрт құрама суырылып алға шықты. Жүлделі орын үшін тартысты ойын өрнегін өткізген олардың  арасынан да үздіктер бір саты алға озып, нәтижесінде Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» құрамасы 3-орын, Қазалы айналым депосының «ТД-23» құрамасы 2-орын алса, Сексеуіл локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-36» командасы жүлделі жолдаманы еншіледі. Үздік ойыншылар мен командаларға кәсіподақ ұйымдары тарапынан диплом мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Турдың үздік қорғаушысы Қызылорда қосалқы бөлімі «НОДГП-10» командасының ойыншысы Бахытжан Жолдасбаев, үздік ойыншы аталымы «ЭЧ-25» Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының инженері Бейбіт Каменовке, үздік қақпашы аталымы Қызылорда жол дистанциясының «ПЧ-57» командасының қақпашысы Бақытжан Рыспановқа бұйырды.  

Жүлдегерлерді марапаттауға «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов жалпы осындай форматта өткізілетін спорттық жарыстардың ұжымдық ынтымағының беки түсуіне себеп болумен қатар денсаулықтың шыңдалуына және әріптестер арасындағы қарым-қатынастың нығайып, достыққа ұласуына себепші болатынын жеткізіп, барлық командаларға алғыс білдірді.  

Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды