Спартакиада мәреге жетті

Спорт
15.08.2024, 17:33
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес Жамбыл кәсіподағы спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен өткен спартакиадада жеті спорт түрінен жеңімпаздар анықталды.

Қазақстан теміржолының 120 жылдығына арналған жарыста гир көтеру және арқан тарту бойынша тораптық жарыстар Шу қаласында өтті.  

Гир көтеруден әуесқой спортшылар арасында ЭЧ-22 – Шу электрмен жабдықтау дистанциясының электрмонтерлері екі бірдей жүлдені еншіледі. Ермекбай Нұрлан 1-орынды жеңіп алса, Бейсенқұл Жаңабай үздік үштікті түйіндеді. Ал ПЧМ слесарі Арыстанқұл Аян 2-орынды иеленді. Арқан тартудан ШЧ-35 қызметкерлері жеңіс тұғырынан көрінді. 2-орын – ПЧМ командасына, 3-орын ЭЧ-22 мекемесіне бұйырды.  

Спартакиадада тартысқа толы болған спорттық жарыстың бірі – шағын футболдан өткен кездесулер. Тараз станциясында ұйымдастырылған матчта ТЧЭ-31 командасы жеңіске жетті. ЭЧ-21 еншісіне тигені – екінші орын, «ДС Бурыл» командасы 3-орынды қанағат тұтты.  

Бірнеше күнге созылған жарыс Тараз станциясында әйелдер арасындағы дартс пен дойбыдан, ерлер арасында шахмат және үстел теннисінен өткен бәсекеде түйінделді. Дартс және дойбы жарыстарында үш жүлде де ШЧ36 – Жамбыл сигнализация және байланыс дистанциясының құрамасына бұйырғанын айту керек. Мергендігімен танылған Ақбота Ембергенова топ бастаса, Айша Байболова мен Оксана Жексенбаева жүлдегер атанды. Дойбыдан Айша Байболова, Зарина Анарбекова және Алтын Тәшенованың мерейі үстем болды.  

Спорт нұсқаушысы Евгений Тян шахматтан ардагер теміржолшыларға тең келетін ойыншы жоқ екенін айтады. Бұл жолы да шаршы тақта алдындағы бәсекеде зейнеткер Виктор Устинов 1-орынды иеленген. Ал ЭЧ-21 өндірістік оқыту шебері Марат Құлбаев 2-орынды еншілеген. ЭЧ-23 энергодиспетчері Тұрарбек Жарас 3-орынды місе тұтқан.  

Үстел теннисінен ПЧ-52 жол дистанциясының қозғалыс бойынша кезекшісі Сәрсебек Қуаныш қарсылас шақ келтірмеді. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің инженері Райымбек Мәмбетовке 2-орынның жүлдесі тапсырылды. ШЧ-36 Жамбыл сигнализация және байланыс дистанциясының учаске бастығы Асқар Ұлақұлов үштікті түйіндеді. Жеті бірдей жарыста жүлдегер атанған теміржолшылар грамоталармен, кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда