Қызылорда станциясында асық атудан сайыс өтті

Спорт
31.10.2024, 14:45
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының аймақ теміржолшылары арасында арнайы ұйымдастырылған асық ату сайысы Қызылорда станциясында өтті.  

Қазақстан теміржолының 120 жылдық мерейтойына орайластырылған бұл жарысқа Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінен, Әскерилендірілген теміржол күзеті, Қызылорда локомотив пайдалану депосы, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанцияларынан теміржолшылар қатысты.  

Кәсіподақ атынан филиал төрағасы Бауыржан Ахметов, спорт секторы Бақытжан Имбергенов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың бас төрешісі Райхан Наукеев, спорт нұсқаушы Фатима Медеуова жарысқа қатысушыларға ойын шартын түсіндірді. Асық ойынының шарты мәреге тігілген 15 асықты 5 метрлік қашықтықтан сахамен нысаналап, шиырып ату арқылы қазаннан шығарып ұпай жинау екен. Қазандағы нысанаға қойылған асықтар соққы тигенмен, шеңберден шықпай қалғанда, соққы жанамалай тигенде ойыншыға ұпай берілмейді.

– Мал шаруашылығымен ғұмыры тығыз байланысқан қазақ халқында өскелең ұрпағының нысанаға алған затын дәлдікпен олжалауы үшін, ширақ қимыл мен епті әрекетті ұштастыра білуге баулу, көздегенін ұстамдылықпен қанжығалап, алғырлық көрсетуге талпындыратын ойын түрі – асық ату. Ұлтымыздың бұл дәстүрлі ойынын теміржолшылар арасында насихаттауды жөн көрдік, –  дейді бөлімшенің спорт нұсқаушысы Бақытжан Имбергенов.  

Ойын қазандығындағы асықтарды ептілік пен дәлдікпен нысаналау нәтижесінде ӘТЖК мекемесінің күзетшілері Құлагер Арыстан мен Нұрбол Сағидолланың асығы алшысынан түсіп, жүлделі екі орынды қанжығаларына байлады. Сала бойынша өткізілетін талай сайыста қарсыластарына есе жібермейтін Қызылорда локомотив пайдалану депосының тәжірибелі машинисі Арғынғазы Ысқақов жүлделі 3-орынды иеленді. Жүлдегерлерге «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының атынан диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда