Шымкент теміржол станциясында 9 айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақат тіркелмеген

Станция тынысы
29.10.2021, 10:46
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласының теміржол станциясы кең, 23 жолы бар. Жүк және жолаушы пойыздарын қабылдап-жөнелту, пойыздарды сұрыптау және бұзылған вагондар жөндеуге арналған жолдар жеке-жеке, бүгінгі таңдағы жұмыс ауқымын қиналмай атқаруға толығымен жетеді. Станцияның бас инженері А.Тұртаевтың айтуынша, пандемияға қарамастан пойыздарды қабылдау-жөнелту, әсіресе жүк тиеу көрсеткіштері жылдан жылға артып келеді екен. Биылғы үш тоқсан ішінде станцияда вагон айналымы орта тәулікпен 919-ға жеткен. Мәселен, осыдан екі-үш жыл бұрын тәулігіне жоспар бойынша 40 вагон жүк тиеудің өзі қиынға түсіп, 35 вагонға орындаған кездер болыпты. Ал бүгінде станция өзіне жүктелген межені толық орындап отыр. Оған транзиттік және жергілікті вагондар айналымының көбеюі себеп болған. Бас инженердің айтуынша, жыл басынан бері станция өндірістік қажеттіліктерге байланысты материалдармен толықтай қамтылған. Атап айтқанда, жаңа тежегіш башмактар пайдалануға берілген. Р45 маркалы тасымалды радиостанциялар орнатылған. Бұдан бөлек, станциядағы жұмыс орындары қажетті тұрмыстық техника мен құрылғылар, компьютерлермен жабдықталды. «Тоғыз ай ішінде ешқандай өндірістік жарақатсыз еңбек еттік. «Қауіпсіздік күндері» аясында бес бұзушылық анықталып, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жұмысшылардың еңбек қорғау бойынша білімін тексеру барысында жүзден аса адамды қайта оқытудан өткіздік. Қазіргі таңда алғаш қыс маусымында жұмысқа түсетін «первозимниктерді» оқытып, нұсқаулықтарды үйретіп жатырмыз», – деді бас инженер. Станцияда сондай-ақ KTZHSE мобильді қосымшасы бойынша ішкі тексерістер жүргізіліп, анықталған кемшіліктер жойылыпты. Ал «Жолда адам» ақпараттық жүйесі бойынша жыл басынан бері сегіз бұзушылық анықталған. Бас инженер станцияда шешімін күтіп отырған мәселелерді де айтып өтті. Мысалы, станция жолдарын ішінара жаңарту, жұп жолдағы вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттейтін бекетке торап орнату, МЭО-2 бекетінің жанына су құбырын орнату қажет көрінеді. Сонымен қатар, тауар кеңсесі қызметкерлерін қауіпсіз ғимаратқа көшіру немесе ғимаратты күрделі жөндеу бойынша мәселе шешімін тапса, станция парктеріне бейнебақылау орнатылса, теміржолшылардың жұмысы жеңілдей түсетінін айта кетті.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты