Бадам станциясы басшысының пікірінше темір жол дамуында адам факторы басты құндылық

Станция тынысы
11.11.2021, 11:12
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Станция басшысы болу оңай ма? Яғни, қозғалысы бір тынбай, жүк және жолаушы пойыздары өтіп жататын аймақта қозғалыс қауіпсіздігін мінсіз қамтамасыз етудің жауапкершілігін толық сезінуден бөлек кәсіби жан-жақты сауатты болу, сонымен қатар көпшілікпен тіл табысу – кез келгеннің қолынан келе бермейді. Біздің кейіпкеріміздің бойынан осы қасиеттердің бәрі де табылады. Бадам станциясының бастығы Серік Елмұратов теміржол саласына кездейсоқ келген жан емес. Темір жол бекетінде туып-өскен теміржолшының ұлы. Міне, аттай 46 жыл атакәсіптің ыстығына күйіп, суығына тоңып келеді. 1959 жылы 12 ақпанда Шымкент теміржолының Қалаш станциясында дүниеге келген ол мектепті бітіре салысымен 17 жасында теміржолшының сары жейдесін киген екен. Екі жыл әскерге барып келгесін де жұмысын жалғастыра берген. Өндірістен қол үзбей 1984 жылы Алматы қаласындағы теміржол институтына түсіп, тасымалды басқару саласы бойынша жоғары білім алады. Арыс-2, Қалаш станцияларында кезекші болып тәжірибе жинаған соң Шымкент теміржолы бөлімшесіне пойыз диспетчері болып ауысады. 1990-93 жылдары Арыс-1 станциясында жүк ауданының бастығы, маневр диспетчері, станция кезекшісі сынды еңбек сатыларынан өтеді. 1993 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Бадам станциясын басқарып келеді.

– Қауіпсіздікті сенімді, жауапкершілікті түсінетін мамандар ғана қамтамасыз етеді. Ол үшін кадрларды таңдай білу және өз орнына қоя білу керек. Бұл тұрғыда мен кезінде Әуезхан Салықбаев, Нышан Желдібаев, Қамбар Қорыспаев секілді теміржолшылардың мектебін көріп, тәлімін алғанымды бағым деп санаймын. Бүгінгі таңда теміржол саласының дамуы – өзекті мәселе болып тұр. Жаппай цифрландыру, жаңа технология дендеп енгізіліп жатыр. Әйтсе де, адам факторы қайда да болсын өз маңызын жоймақ емес, – деген тәжірибелі маман жастарды теміржолшы мамандығын оқып, игеруге шақырды.

Ол үшін сала басшылары теміржолшылардың жалақы, баспана, басқа да әлеуметтік мәселелерін шешуге тұрақты көңіл бөліп отыруы қажет деп санайды. Сонда ғана жас мамандардың бұл салаға көптеп бет бұратынын алға тартты. Бадамның станция басшысының шәкірттері де осал емес екен. Түркістан станциясының бастығы Қ.Сырлыбеков, Қалаш станциясының бастығы Д.Исахов, Н.Абдиров, т.б. теміржолшылар өздерін Серік Елмұратовтың шәкіртіміз деп санайды. Ал қатар жүріп, кәсібінің нәсібін бірге тауып, бірге өсіп жетілген қатарластары қатарында Назарбек Байназаров, Қонысбай Арыспаев, Кемпірәлі Мырзалиев, Арысбек Тастанбеков, Асан Даутов, Әкім Бажақов, Сейделхан Махамбетәлиев, Батыр Өсжігітов сынды әріптестерін атады. «Олар – нағыз теміржолшы мынау деп ұялмай көрсететін майталмандар ғой» деді ерекше мақтанышпен.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты