Аягөз станциясында жүк вагондарының тапшылығына жол бермеу кезек күттірмейтін мәселе

Станция тынысы
16.11.2021, 14:48
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Аягөз станциясының теміржолшылары өткен он айды жоғары көрсеткішпен қорытындылады. Әйтсе де, жүк айналымы бойынша жыл соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс шаралар бар. Бүгінде мысалы, байырғы клиент саналатын жекелеген жүк жөнелтуші компаниялар тапсырысын уақытында орындау мақсатында вагон тапшылығын болдырмау күн тәртібіне шықты. Станция басшысы Нұржан Жақанов – тәжірибелі, білікті ұйымдастырушы. Айтуынша, өткен жылы Аягөз станциясы бойынша жаңадан ашылған тұйық желілер саны артқан, сол себептен де, оның нәтижесі жүк тиеу мен түсіру ісінде көрініс тауып отыр. Мәселен, өткен бір айдың ішінде ғана 120 вагонға жүк тиелсе, 643 вагонның жүгі түсірілген екен. Яғни, жүк айналымының бұлай артуын көршілес аудандардағы шаруалардың, аграрлық сектор өкілдерінің тапсырыс санын арттыруымен түсіндіруге болады. Соның нәтижесінде Өзбекстан мен Тәжікстан сынды Орта Азия елдеріне экпорттық тауарлар жөнелтілуде. Жалпы, аягөздік теміржолшылар күздегі қауырт жұмысты алдын ала болжаған болатын. Сондықтан да, бүгінде станция басындағы маневрлік тепловоздар саны жеткілікті. Нәтижесінде қозғалыс жиілігі де жоғарылапты. Станция қызметкерлері қауырт тапсырмалар арасында тас көмір тасымалына айрықша мән беріліп отырғанын айтады. Қазіргі таңда Аягөз қаласына айына орта есеппен алғанда 700-1000 тонна қатты отын жет- кізіледі екен. Әрбір тұйық желі тәулігіне 20 вагон қабылдауға қауқарлы. Сондықтан болар, жергілікті тұрғындар арасында көмір сатып алуда ешқандай қарбалас туындамаған. Процесс барысын арнайы құрылған штаб бақылауға алған. Сондай-ақ, жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда металл сынықтары мен тыңайтқыштар, құрылыс материалдарын, жергілікті өнеркәсіп өнімдерін тиеу-түсіру ісі де жоғарылағаны байқалады. Әйтсе де, құрылыс материалдарын тиеу сәл саябырлаған. Алайда, бұл – уақытша құбылыс. Нарықтағы баға тұрақталған соң тапсырыс күрт артуы мүмкін. Жалпы, өткен 10 ай ішінде жүк тиеу мен түсіру фактісі нақты жоспар бойынша жоғарылап отыр. Оған тағы бір себеп – қытайлық мердігер компания «Дәнекер Жол» ЖШС-нің қосымша тұйық желілер салуы болып отыр.

– Тораптық станция болғандықтан да күзгі мезгілде жүк айналымы бірден артады. Мәселен, жергілікті «Аягөз-Көмір» мекемесіне Қаражырадан қатты отын жеткізу мөлшері күрт ұлғайып отыр. Ал, қазір тұйық желілер есебінен жүк түсіру көлемі рекордтық көрсеткішке жетті, – дейді Аягөз станциясының басшылығы.

Станция басшысы Нұржан Серікқалиұлының айтуынша, ағымдағы жыл бойына экономикалық тиімділікті еселеуде де бірқатар батыл қадамдар жасалған. Дегенмен, басымдық беру қажет мәселелер де бар. Атап айтсақ, байырғы әріптес «Алина» ЖШС-нің құрылыс материалдарын жөнелтуде көрсеткішті арттыру қажет. Ол үшін алдағы уақыттарда қосымша шаралар қабылданатын болады. Бүгінгі таңда штаттық кесте бойынша жалпы саны 54 теміржолшы еңбек ететін, маусымдық жағдайда тәулігіне 20 шақты жұп жүк пойызы, онға таяу жолаушы пойызы өтетін тораптық станциядағы жүк айналымы жыл соңындағы екі айда тіптен еселенеді деп күтілуде. Демек, аягөздіктерді жаңа жылға дейін бас көтермейтін қауырт жұмыс күтіп тұр.

Сұхбат
09.06.2026
Ұлттық тасымалдаушы теміржол қатынасын қалай дамытып жатыр?
Станция тынысы
09.06.2026
Сам станциясына пойыз тоқтайтын болды
Аймақтар
09.06.2026
Өткелдегі қауіпсіздік өзекті мәселе
Инфрақұрылым
09.06.2026
Экологиялық мәдениет – өркениет белгісі
Қауіпсіздік
09.06.2026
Бес жылда – жеті оқиға
Аймақтар
09.06.2026
Семейде желі бойының тазалығы тексерілді
Жаңалықтар
09.06.2026
Адал еңбек алғысқа лайық
Аймақтар
09.06.2026
Қандыағаштық теміржолшы ірі апаттың алдын алды
Жаңалықтар / Мұрағат
09.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №44 9 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
08.06.2026
Вокзалда тәртіп бұзған азамат жауапқа тартылды
Аймақтар
08.06.2026
Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет
Жаңалықтар
08.06.2026
Alstom Қазақстанда жаңа сервистік депо салып жатыр
Инфрақұрылым
08.06.2026
Сексеуіл стансасында жаңа вокзал құрылысы қарқын алды
Инфрақұрылым
08.06.2026
Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Жаңалықтар
08.06.2026
Бакуде Қазақстанға арналған алғашқы контейнерлік кеменің құрылысы басталды
Спорт
08.06.2026
ҚТЖ алғаш рет футзалдан балалар арасындағы республикалық турнир өткізді
Жаңалықтар
06.06.2026
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда жүргізушілеріне теміржол өткелдерінен жүру ережелері еске салынды
Жаңалықтар
06.06.2026
ҚТЖ Тrip Optimizer жүйесімен ТЭ33А тепловоздар паркінің 92% - дан астамын жабдықтауды аяқтады
Инфрақұрылым
05.06.2026
Инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда
Цифрландыру
05.06.2026
Жасанды интеллект қолданыста