Меңлібай станциясының теміржолшылары биыл 30 мың вагон жүк тиеуді көздеп отыр

Станция тынысы
28.01.2022, 17:20
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент теміржолы бөлімшесіне қарасты Меңлібай станциясы – аймақтағы жаңа жобаның бірі. Түлкібас ауданындағы Састөбе мен Көктерек станциясы аралығында 3354 шақырымдағы бесінші пикетте орналасқан Меңлібайдан негізінен қиыршық тас тиеледі.

Станция бастығы Рысжан Жаманғараевтың айтуынша, тек өткен жылы 27 925 вагон жүк артылған, оның 1665 вагоны «Қазтеміртранс» АҚ тиесілі. Биыл жүк тиеуді отыз мың вагонға дейін жеткізбек. Бір ғана қаңтар айында жоспарды үш мың вагонға жеткізу көзделіп отыр.

Қазіргі кезде Меңлібай станциясында штат бойынша тоғыз адам жұмыс істейді, оның төртеуі станция кезекшісі, екі тауар кассирі, екі жүк қабылдап-тапсырушы еңбек етеді. Станция жаңа болған соң заманауи жабдықтармен жарақтандырылған, бүкіл сигнал мен бұрма бағыттамалары бір орталықтан басқарылатын МПЦ-2 жүйесі жұмыс істейді. Бұдан бөлек, KTZ HSE мобильді қосымшасына станция жұмысшыларының бәрі тіркелген.

Меңлібай станциясында бес жол бар, оның бірінші және екіншісі басты жолдар, қалғаны жанама жолдар. 15 бағыттамалық бұрманың барлығы да электрлендірілген, орталыққа қосылған. 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан станциядан «Кас-Бетон» ЖШС цементке қосатын қиыршық тастарды артады. Күніне кем дегенде 50 вагон тас жөнелтіледі.

Станция жуырда өткен «Тежегіш башмакқа – ерекше бақылау» айлығы барысында жылжымалы құрамды нұсқаулыққа сәйкес бекітуді және тежегіш башмактарын дұрыс есепке алуды пысықтаған.

Сондай-ақ «Маневрлік жұмыс және вагондарды бекіту» айлығы барысында барлық кезекшілермен қозғалыс қауіпсіздігі туралы жоспардан тыс техникалық сабақтар өткізілген.

«Айлық аясында бес іс-шараға акт жасап, қозғалыс қауіпсіздігінің мүлтіксіз жұмыс жасауына күш салдық. Нормативтік-техникалық құжаттама мен станция құжатына сәйкес талаптарды сақтау үшін қосымша екі рет тексеру жүргіздік. Вагондарды бекітуге арналған тежегіш табандықтары мен құрылғыларды есепке алу, сақтау, таңбалау, пайдалану тәртібін жұмысшыларға көрсеттік. Мұндай айлықтар мен онкүндіктер станция жұмысының сапалы орындалып әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ете түседі», – дейді станция басшысы Р.Жаманғараев.

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды