Суықбұлақ станциясы жүк тиеуден рекорд жасады

Станция тынысы
13.05.2022, 11:41
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жарма – Жаңа-Семей телімінің 739,9 шақырымында орын тепкен 3-ші класты Суықбұлақ станциясы ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында жүк тиеуден рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Биылғы төрт айда жүк тасымалы бойынша басты ерекшелік құрылыс материалдарын тиеу көрсеткіштерінің жоспардан асыра орындалуы болып отыр. Станциядан қазіргі күні тәулігіне 95-100 вагонға дейін әктас пен қиыршық тас тиеліп жөнелтіліп жатыр. Жалпы, Шығыс өңірінде жылдың алғашқы айларында жүк тиеу мен тасымалдау біршама саябырлайтынын ескерсек, мұның өзі жоспарды толық орындау үшін үлкен көрсеткіш саналады. 

Жергілікті теміржолшылар құрылыс заттарын тиеуге тапсырыс беретін «Алина» ЖШС, «Семей цемент зауыты» АҚ, т.б. өнеркәсіп орындарымен ынтымақтастықты нығайта отырып, тиелетін жүк көлемін жыл соңына дейін 1,0 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Яғни, негізінен құрылыс материалдарына қажетті шикізат тиелетін Суықбұлақ станциясындағы өндірістік процестер осы себептен артуда. 

– Біздің станциядағы жүк тиеу, түсіру жұмыстары маусымдық болып саналмайды. Қысы-жазы бір қалыпта, 24 сағат көлемінде қызмет көрсетеміз. Қазіргі күндері тұрақты түрде тәулігіне 90 вагонға жүк тиеп жолға шығара аламыз. Кейде тапсырыс саны күрт артып кететін кездер де болады, – дейді станция басшысы, жас та болса білікті теміржолшы болып танылып үлгерген Ернұр Талғатұлы. 

Осы төңіректе орналасқан үш зауыттың өндіріс көлемін еселеп арттыруы қосымша шараларды қолға алуға мәжбүрлейді. Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде бес мыңның үстіндегі вагонға жүк тиеліп, жолға шығарылған. Бұл көрсеткіш екінші жартыжылдық бойынша жоғарылай түседі деген болжам бар. Небәрі 16 теміржолшы еңбек ететін станция ұжымына салмақ та артуда.  

– Тиелетін жүк саны да жылдан-жылға өсіп келеді. Әсіресе, биылғы жылдың алғашқы айлары ерекше болып тұр. Ендігі аралықта өндіріс барысында табысты еңбек ету мен қозғалыс қауіпсіздігін сақтау ғана біз үшін бұлжымас міндет. Бұл тарапта қолға алған жұмыстарымыз нәтижелі орындалып жатыр, – дейді станция басшысы. 

Жуырда көктемгі комиссиялық тексерумен Суықбұлақ станциясында болған бөлімше басшысы Владимир Бабиченко мұндағы жүк тиеу, жүк пойыздарын жөнелту мен бос вагондарды қабылдап алу шараларымен танысып, алдағы уақыттарда өндірістік процесті техникалық талаптарға сай жүргізу және жұмыс барысын жеделдету бойынша бірқатар тың шаралар қабылдау туралы мәселе көтеріпті. Демек, құрылыс материалдарын жөнелту бағытында қарқын алған жұмыстар жаңашылдықтармен толыға түседі деуге толық негіз бар. 

Жалпы, бүгінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жыл үлесінде атқарылуы тиіс іс-шаралар легі бекітіліп, жоспарға сай жүргізілуде. Бұл орайда жүк айналымын арттыру бойынша қолға алынған жұмыстар ойдағыдай нәтиже беруде. Яғни, жыл үлесіндегі көрсеткіштер де арта түседі деген сөз. Оған шағын болса да ауқымды жұмыс атқарып отырған Суықбұлақ та өз үлесін қосады.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті