Шағыр бекетінің бүгінгі тынысы

Станция тынысы
23.09.2022, 09:59
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласынан отыз-қырық шақырым жерде шағын ғана Шағыр деген ауыл бар. Ауылмен аттас станцияның іргесінде, яғни «Шағыр – Монтайтас» аралығының 3 250-ші шақырымында №3 жол өтпесі бар. Бұл – «Арыс–Монтайтас–Жылға–Сарыағаш» бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолы мен темір жолдың түйіскен тұсы.

Арыс жол дистанциясы қызмет көрсететін Шағырдағы теміржолдың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде осы өткелдің маңызы айрықша. Жүк немесе жолаушылар пойызы өткенде шлагбаумды жауып, жылжымалы құрамның қауіпсіздігін сақтау мәселенің бір қыры ғана. Өмірінің 30 жылға жуығын осында өткізіп келе жатқан Қайрат Амантаев пен Ертай Сарыпбеков (суретте) соңғы 4-5 жылда осы бекетте кезекшілік қызмет атқарып келеді. Олар осы уақыт ішінде түрлі оқиғалардың куәсі болған. Бекеттен пойыз өтер сәтте шлагбаумды жауып, автокөліктер қозғалысын тоқтату сырт қарағанда оңай көрінеді, бірақ іс жүзінде тіпті де олай емес көрінеді.  

«Өткелді жапқанша әрекет етіп үлгерем дейтіндер өте көп, кейде жанжалдасып жатады. «Пойызың қайда, көрінбейді де ғой, өткізіп жібер бізді» деп қолқа салатындар   қаншама. Көлікті кім, қандай күйде тізгіндеп келе жатқанын білмейсің. Бірде, шөп артқан жүк көлігі пойыз келгенше «өте қалам» деп рельстің дәл ортасында тұрып қалды, көлігі сөніп қалған, қозғалмайды. Жанталасып, шұғыл әрекет етіп, өзімізде дайын тұрған 4х6-лық тросымызбен өшіп қалған көлікті әрең дегенде өзге көлікпен сүйреп үлгердік. Пойыз жап-жақын қалған, тіпті жанасып өтті десек болады. Сол сияқты жүк вагондарының тежегіші немесе вагонды ажырату құрылғылары секілді қосымша тетіктері босап кетіп  сүйретіліп бара жатқанын байқап, жылжымалы құрамдарды талай тоқтатқан кезіміз де болды», – дейді Қайрат Оңғарбекұлы.  

Ал Ертай Орынбасарұлы бұл бекеттен тәулігіне орта есеппен 35-40 пойыз өтетінін айтады. «Кейде жүк вагондарының люктері мен есіктері жартылай ашылғанын көріп қаламыз. Сол сияқты габариттен тыс жүк тиеген көліктерді өткізу үшін арнайы рұқсат сұрайтын кездеріміз де аз емес. Тағы бір қызығы, шынжыртабанды ауыр көліктерді өткізудің де өзіндік тәртібі бар. Арнайы резеңке төсеп өткізбесең, қос рельстің үстіне шынжыртабанды көлік көлденең түскенде электр кернеуінің тұйықталуын туындатуы мүмкін. Мұның бәрі де қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін қажет қағидалар», – дейді ол.  

Осы жазда теміржолшылар мен жергілікті тұрғындар арасында: «Арыстағы теміржол өтпелері жабылады екен» деген қауесет тараған болатын. Соның анық-қанығын білмекке Шымкент магистральдық желі бөлімшесі филиалы Арыс жол дистанциясының бастығы Махмұд Рысбековке хабарласқан болатынбыз. Ол мұндай деректің жалған екендігі, қазіргі кезде Арыс өңіріндегі барлық өткелде жұмыс қалыпты жағдайда жүріп жатқандығын жеткізді.  

«№3 Шағыр жол өтпесінде 12 сағаттық ауысыммен 4 адам үздіксіз кезекшілік етеді. Бұл нысаннан әлдеқайда кіші Ақшоқат пен Қостүйіндегі өтпелер қызметі де 15 қыркүйектен бастап қайта жанданды. Теміржол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз кез келген күзетілетін немесе күзетілмейтін өтпелер қызметін бақылауда ұстап отыруға тиіспіз», – дейді Махмұд Ырысбекұлы.  

 

Жүк тасымалы
09.06.2026
Алашаңқай станциясында алғаш рет қатты желдің салдарынан 14 төтенше дайындық режимі енгізілді
Сұхбат
09.06.2026
Ұлттық тасымалдаушы теміржол қатынасын қалай дамытып жатыр?
Станция тынысы
09.06.2026
Сам станциясына пойыз тоқтайтын болды
Аймақтар
09.06.2026
Өткелдегі қауіпсіздік өзекті мәселе
Инфрақұрылым
09.06.2026
Экологиялық мәдениет – өркениет белгісі
Қауіпсіздік
09.06.2026
Бес жылда – жеті оқиға
Аймақтар
09.06.2026
Семейде желі бойының тазалығы тексерілді
Жаңалықтар
09.06.2026
Адал еңбек алғысқа лайық
Аймақтар
09.06.2026
Қандыағаштық теміржолшы ірі апаттың алдын алды
Жаңалықтар / Мұрағат
09.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №44 9 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
08.06.2026
Вокзалда тәртіп бұзған азамат жауапқа тартылды
Аймақтар
08.06.2026
Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет
Жаңалықтар
08.06.2026
Alstom Қазақстанда жаңа сервистік депо салып жатыр
Инфрақұрылым
08.06.2026
Сексеуіл стансасында жаңа вокзал құрылысы қарқын алды
Инфрақұрылым
08.06.2026
Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Жаңалықтар
08.06.2026
Бакуде Қазақстанға арналған алғашқы контейнерлік кеменің құрылысы басталды
Спорт
08.06.2026
ҚТЖ алғаш рет футзалдан балалар арасындағы республикалық турнир өткізді
Жаңалықтар
06.06.2026
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда жүргізушілеріне теміржол өткелдерінен жүру ережелері еске салынды
Жаңалықтар
06.06.2026
ҚТЖ Тrip Optimizer жүйесімен ТЭ33А тепловоздар паркінің 92% - дан астамын жабдықтауды аяқтады
Инфрақұрылым
05.06.2026
Инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда