Атырауда байланыс желілері жаңартылуда

Станция тынысы
29.05.2023, 10:31
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігінің байланыс саласында да маңызы зор екені белгілі. Өткен төрт айда өңірдегі белгі беру-байланыс дистанцияларындағы қондырғыларға техникалық қызмет көрсету «жақсы» деп бағаланып, ақау болмаған.  

Қазіргі уақытта қондырғыларды жөндеу және жаңарту жұмыстары жалғасып   жатыр. Ең алдымен байланыстың бекем болуы тоқ өткізгіш сымдарға, яғни кабельдерге байланысты. Соған орай Атырау, Ақжайық және Құлсары дистанциялары бойынша 16,076 шақырымдық орта оқшаулы кабельдер жөнделіп, Д.Нұрпейісова, Афанасьев, Исатай, Нарын, Аққыстау, Тұманды бекеттерінде 28 шақырымдық КТСМ-02 байланыс желісі төселуде. Сондай-ақ 38 дана электржетек жөнделіп, 47 дана АБ белгі беру сымы, 46 дана жол қорабы, 13 батарея шкафы, 599 дана аккумулятор ауыстырылып жатыр.  

Атырау – Сағыз телімін қамтитын және өз учаскесінде 19 станция, 15 өткел және 5 диспетчерлік айналымға қызмет көрсететін Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы бойынша Мақат станциясының екі жағынан, Жамансор, Мұқыр, Жантерек, Ескене және Теңдік станияларында қорғалатын, күзетілетін, автошлагбаумы бар барлығы 7 өткел салынды. Бүгінде дистанция 22 өткел жұмысын қадағалап отыр. Яғни, жүрдек пойыз келе жатқанда оның жолын кесуі мүмкін жағдайлар болмайды. Мәселен, 1,5 шақырым бұрын басқа жолдардың бәрі жабылып, шағын станцияларда белгі беру құралдары дыбыс бере бастаса, үлкен станцияларда пойыздың келе жатқаны репродуктор арқылы хабарланады. Жолда жұмыс жасап жүрген не басқа да адамдарға пойыздың келе жатқаны туралы ескерту беріледі. Қондырғылар, кабельдер мен электрожетектер жаңартылғаннан кейін пойыздың жүріп өту сигнализациясы 140 шақырымға қайта есептелді, пойыз өту үшін маршрутты екі учаскеден бұғаттау, сол аралықта жол монтерлеріне белгі беру қондырғыларын орнату жұмыстары да сәтті жүргізілді.  

Атырау-Ганюшкино телімін қамтитын Атырау белгі беру және байланыс дистанциясы өз учаскесінде 15 станция, 10 өткел және 5 диспетчерлік айналымға қызмет көрсетеді. Байланыс қалыпты болу үшін қондырғылар мен құралдар, оларға қажетті қосалқы бөлшектер уақытылы жаңартылып, ауыстырылып отыруы тиіс. Соған орай, Ганюшкино, Махамбет, Исатай, Аққыстау, Тумманное, Д.Нұрпейісова, т.б. станция-разъездерде релелік шкафтар, ТШ-2000 релелері ТШ-65-ке, жерүсті кабельдері жерастына, КТСМ қондырғылары жаңасына алмастырылып, белгі беру мен байланысты жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Құлсары дистанциясында 3 релелік шкаф, 5 батарея шкафы жаңасына ауыстырылып, 465 және 467-разъездерде абаттандыру жүргізіліп, брусчатка төсеу жұмыстары жасалып жатыр.  

 

Жаңалықтар
31.01.2026
ҚТЖ дамудың адам игілігіне бағытталған үлгісіне көшуді қолдайды
Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ және РЖД: 2026 жылға арналған даму басымдықтары анықталды
Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ пойыздары жолаушыларына арналған ТОП-6 ыңғайлы сервис
Инфрақұрылым
30.01.2026
Жаңа порт құрылысы басталмақ
Станция тынысы
30.01.2026
Бірлігі жарасқан ұжымның биік белесі
Қауіпсіздік
30.01.2026
«Бір қателік өмірімді өзгертті»
Жаңалықтар
30.01.2026
Туризмді дамыту сөз болды
Аймақтар
30.01.2026
Оқу орындарымен меморандумға қол қойылды
Жаңалықтар / Мұрағат
30.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №7 30 қаңтар 2026 жыл
Жаңалықтар
29.01.2026
Қазақстан Ауғанстан арқылы Араб теңізіне шығу жолдарын қарастырып жатыр
Жаңалықтар
29.01.2026
«Нұрлы жол» вокзалында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті
Аймақтар
29.01.2026
Білімді маман – білікті маман
Жолаушылар тасымалы
29.01.2026
ҚТЖ бірқатар бағыттағы «Тальго» пойыздарына жеңілдіктер енгізді
Әлеумет
28.01.2026
Билетке жеңілдік: жоғары орындар сұраныста
Темір жол тарихы
28.01.2026
Метоллоломнан табылған жез қоңырау
Әлемде
28.01.2026
Сағатына 600 шақырым: Теміржол тарихын қайта жазған жапондық жоба
Жаңалықтар
28.01.2026
ҚТЖ-ның LED-экранында батыр-теміржолшылар туралы бейнеролик ұсынылды
Жаңалықтар
27.01.2026
Сенат депутаттары жолаушы вагондарының өндірісімен танысты
Жолаушылар тасымалы
27.01.2026
Халықаралық «Jibek Joly» туристік пойызы алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды байланыстырады
Жаңалықтар
27.01.2026
Машинистер машығы жетілдірілуде