Суықбұлақ станциясы қайта жаңғырды

Станция тынысы
28.08.2023, 13:51
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жаз семейлік теміржолшылар үшін шын мәнінде жаңарту мен жаңғырту жылы болды. Жол табанынан бөлек желі бойындағы көптеген ғимараттар жаңа келбетке ие болып жатыр.

Әсіресе шалғайдағы станциялардағы нысандар жөнделіп, қызмет барысындағы қолайлылық артуы жергілікті тұрғындарды қуантып отыр. Мысалы, Жаңа-Семей-Шар телімінің 739,9-шақырымында орын тепкен, сонау Түрксіб дәуірінде салынған 3-ші класты Суықбұлақ станциясын алайық. Қазіргі таңда аталмыш станцияның сыртқы келбеті де, ішкі қызметтік бөлмелері де толықтай өзгеріп, жүз пайыз жаңарды деуге болады. жергілікті теміржолшылар мен ардагерлер игілікті шараға бастамашы болған бөлімше басшысы Владимир Бабиченкоға алғыс білдіруде.

Енді ше, станцияның тозыңқырап тұрған сыртқы келбеті қазіргі заманға сай әрленіп, қызметтік бөлмелер қайта жаңғыртылды. Суық өткізбейтін материалмен жылыланды. Станция бастығының кабинеті, жылыту қазандығы, техникалық кабинет, тауар кассирлері отыратын бөлмелер мен пойыз құрастырушыларының орындарына дейін қайтадан жаңғыртылды. Тіпті, қоймаға дейін күрделі жөндеуден өткізіліпті. Жүргізілген шаралар қысқа мерзім ішінде сапалы жүргізіліп, көзделген уақытта аяқталды. Станция бастығы Ернұр Тұрсынбаевтың айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстары қызмет ырғағына кедергі келтірмеген.  

Сондай-ақ бөлімше басшылығының бастамасымен бірқатар станциялардағы нысандар күрделі жөндеуден өткізілген. Семей, Өскемен, Дегелең, Жаңа-Семей, Шар станцияларындағы көптеген теміржол нысандары жаңа кейіпке еніп, қосымша құрылыстар да жүргізілді.    

 

Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды