Студенттер Тараз станциясына экскурсия жасады

Станция тынысы
23.04.2024, 12:06
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз көлік және коммуникация колледжінде «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2 курс студенттері Тараз станциясына экскурсия жасады.

Арнайы пән оқытушысы А.Әділбаев АТУ-22-1 тобының студенттеріне «Сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді және телемеханикалық бақылауды орындау» пәні бойынша өтетін тақырыптық сабақтардың теориясын іс жүзінде көрсете отырып түсіндірді.

– Теміржол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықтың негізгі ережелеріне сәйкес, пойыздардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық бар. Соның бірі – станциялардағы әр түрлі сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғылары және пойыздардың қозғалысы кезінде сигнал беру және байланыс құралдары кезінде пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу. Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқаратын мамандар осы нұсқаулықты және тәжірибе жүзінде қалай іске асыру керегін білуі керек. Сондай-ақ студенттер теміржолда және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу жағдайында пойыздарды қабылдау және жөнелту іс жүзінде қалай орындалатынын тәжірибеде көрсе, сабақта өткен теориялық ережелерді есте жақсы сақтайды, – дейді А.Әділбаев.  

Тәжірибелік сабақта болашақ мамандар теміржол бойында пойыздарды қабылдау және жөнелту кезінде қандай сигналдар берілетінін іс жүзінде көрді. Сондай-ақ оларға жол бойындағы бағыттамалық бұрмалар арқылы қозғалыстар қалай басқарылатыны түсіндірілді.  

Жалпы мамандар білім берудің дуалды жүйесінде тәжірибелік сабақтардың берері көп екенін айтады. Колледждің өндірістік оқыту шебері Т.Мырзабаев мұндай дәрістерден кейін студенттердің мамандыққа деген қызығушылықтары арта түседі дейді.  

Мысалы, «Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығының 1 курс студенттеріне «ЖамбылРемСервис» ЖШС кәсіпорнына саяхат ұйымдастырылған. Өндіріс шебері кәсіпорынның негізгі міндеттерімен және өндіріс жұмыстарымен таныстырып, мекеме базасындағы жұмыс қалай орындалатынын, бөлшектерді жөндеудің толық циклы қалай өтетінін көрсетіп, түсіндірген. Экскурсиялық сабақтан соң болашақ мамандар аралық сынақтарда жақсы нәтиже көрсеткен.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда