Арыс станциясы биыл жүз мың вагонға қызмет көрсетті

Станция тынысы
27.05.2024, 12:51
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс-І станциясының тақ немесе В санатындағы сұрыптау паркі 22 жұп темір жолдан құралған. Жыл басынан бері мұнда 101 610 вагон қабылданып, өңделген.

Жүз мың вагонның 60 411-не жүк тиелген де, 41 199 вагон бос келгенімен станция қызметкерлері тарапынан бәріне тиісті қызмет көрсетілген. Сол сияқты пойыз қабылдау көрсеткіші де алдын ала жоспарланған межеден жоғары.

– Айталық, бір ғана сәуір айында Арыс станциясы 1 978 пойыз қабылдаған болса, оның 1 359-ы осында аялдап, тиісті қызметін пайдаланған. Ал 619 жылжымалы құрам транзиттік пойыз болғандықтан станция аумағынан өте шықты, – дейді станциядағы еңбек және жалақыны реттеу жөніндегі жетекші инженер Әсемгүл Қалдыбекқызы.

Жалпы, жылдың алғашқы 4 айында Арыс станциясының ұжымы 8 096 пойыз қабылдап, 8 235 пойыз құрастырып, жөнелткен. Станцияға келген жылжымалы құрамдар жағдайға қарай таратылып немесе қайта жинақталып, белгіленген бағыттар бойынша жолға шығарылады.

Станция инженері Қайрат Өмірбаевтың айтуынша, жүк вагондары негізінен 3 бағыт бойынша – «Солтүстік», «Оңтүстік», «Шығыстан» келеді. Ал сұрыптау паркіндегі бір ауысымдық жұмысқа 7 тепловоз бен 2 электровоз жұмылдырылады. Кезекшілік қызметке түскен маман мен 3 оператор, станция паркіндегі вагондарды асықша иіріп, 6 маман вагон жылдамдығын реттеумен айналысып, өндірістік көрсеткішті еселеуде.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды