Сарыөзектің үздік бригадасы

Станция тынысы
13.06.2024, 11:57
Суретті түсірген автор

Сарыөзек локомотив депосында бір-бірін үйлесімді түрде толықтырып, өнімді жұмыс істейтін бригадалар аз емес. Солардың бірі – Нұртілеу Ұзақпаев пен оның көмекшісі Аян Сыдықовтың локомотив бригадасы дер едік.

Локомотив бригадасы психологиялық үйлесімділік принципі бойынша құрылған, екі пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Локомотив бригадасының психологиялық үйлесімділігі өзара сыйластық, сенім және қолдау атмосферасын құруға көмектеседі. Олар өздеріне жүздеген жолаушылар мен мыңдаған тонна жүк тасымалы жауапкершілігі жүктелгенін жақсы түсінеді және оны абыроймен атқаруды міндет санайды. Сарыөзек-Алматы, Алматы-Сарыөзек учаскелеріне қызмет көрсететін локомотив бригадасы кейде өздерін үлкен теңіздегі кемеде жүзіпі келе жатқандай сезінеді. Ал команданың әрбір мүшесі осы көлік теңізіндегі өз рөлін атқарады. Нұртілеу – тепловоз-кеменің капитаны, Сарыөзектің сайын даласындағы әрбір бұта, әрбір төбе мен тас оған жақсы таныс, сонымен қатар қырағы жанарымен айналаны шолып отырады. 

Ал көмекшісі Аян локомотивтің маневрін, сигналдарын қадағалап, кез келген жағдайда көмекке дайын, капитанның әр бұйрығын қалт жібермей орындайды. Кейде локомотив бригадасының жұмысы күтпеген қиындықтарға тап болады, ауа райы жағдайлары, техниканың бұзылуы немесе жол бойындағы төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін. Мұндай сәттерде бір-бірін айтқызбай түсінетін бригада сауатты қимылдап, қиындықтан шыға біледі.  

Машинистің шеберлігі – пойызды, әсіресе күрделі профильді учаскелерде   қозғалыс кестесін қатаң сақтай отырып қауіпсіз жүргізу. Ал Сарыөзек бағытындағы теміржол жер рельефіне сай сайлы, қырлы, бұралаң-бұлтарысы көп күрделі екенін ескерсек, бұл жерде тек өз-өзіне сенімді, кәсіби шеберлігі жоғары бригада ғана барлық қиындық, кедергіні еңсермек. Нұртілеу мен Аян бұл жолда талай сыннан өтіп шыңдалған сенімді машистер бригадасы.    

– Тепловоздар жаңартылып, машинистің жұмысы да жетілдірілуде. Дегенмен, қозғалыс қауіпсіздігі үшін машинистің жауапкершілігі өзгеріссіз қалады. Мұны әрбір локомотив бригадасы жақсы түсінеді, – дейді үздік бригаданың машинисі Нұртілеу Болатбекұлы.    

Елена Амангелдіқызы, Алматы

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады