Сексеуіл станциясында жұмысшыларға еңбек жағдайы жасалуда

Станция тынысы
16.09.2024, 14:24
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің Сексеуіл жол дистанциясында біршама жаңалықтар орын алуда. Жыл басында су жаңа автокөлік алынып, жолшылар жұмысын жеңілдетсе, одан кейін бірінен соң бірі пайдалануға берілген жылыту пункттері мен заманауи модульдік жатақханалар еңбек жағдайларын одан сайын жақсарта түсті.    

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды ең маңызды рөл атқаратын жолшылар жыл басынан бергі уақытта пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол берген жоқ. Дистанция бастығы Мұрат Байділдаевтың айтуынша, телім жолдарына күнделікті күтім жасаумен қатар оларды жөндеу, бабына келтіру жұмыстары күшейтілуде екен. Мысалы 2023 жылы Арал теңізі-Сапақ-Аралқұм станциялары арасындағы тақ жолдың мерзімі жеткен ағаш тізбекті шпалдары жалпылама күрделі жөндеу барысында 23,6 шақырымдық аумағы фоссло бекітпесімен бекітіліп, темірбетон шпалдарымен жаңаланған. Ағымдағы жылы да дистанцияда қауіпсіздікті арттыру мақсатында Жол картасы бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланып, кезең-кезеңімен орындалып жатыр екен. Басты және жанама жолдардың 13 дана ағаш шпалды бағыттағыш бұрмаларын темірбетонды білеулі бұрмалармен ауыстыру жоспарланса, қазіргі таңда 4 дана бағыттағыш бұрма толығымен ауыстырылып, 9 данасын ауыстыруға дайындық жасалып жатыр екен.

– Темір жол бойына қараусыз мал шығып, қауіпсіздікке кедергі келтірмеуі үшін биыл 46,0 шақырымды тікенек сыммен қоршау жұмыстары жоспарланған. Қазіргі уақытта дистанция қызметкерлерінің өз күшімен 33,0 шақырым қоршау тұрғызылып, осы қыркүйек айында жолдың екі бетін тікенек сыммен қоршау жұмыстары толығымен аяқталады. Жол күтімін ауыр жол машиналарының көмегімен ретке келтіру жұмыстары да алдағы күндерде жүргізіледі. Мәселен телімдердегі жол төсемінің балласты қабаты ластануына байланысты Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі басшылығының нұсқауымен РМ, ДУОМАТ, ДГС, ПБР техникалары бөлініп,  25,1 шақырымдық жолды тазалау және нығайту жұмыстары биыл қыркүйек және қазан айларына жоспарланып, дистанция жолшылары аталған жұмыстарды толықтай ұйымдастыруға атсалысуда. №2 өндірістік телім басшысының орынбасары Рақымжан Меңдалиев, №3 өндірістік телім басшысының орынбасары Жаржан Ермаханов, №3 өндірістік телімнің 14-айналым жол бригадирі Биғали Бектұрсынов, бас механик Жорабек Сматуллаев, транспорт блогының көлік жүргізуші Рамазан Нұрбаев, №4 өндірістік телімнің жол бригадирі Мұхаммеди Ысқақов осы жұмыстардың басы-қасында бел шешпей еңбектенуде, – деді дистанция бастығы Мұрат Байділдаев.

Телім жолдарын жол өлшегіш вагонмен тексеру нәтижесінде 8 айға бекітілген көрсеткіш 50 балға жеткізіліп, жақсы нәтиже көрсетіп отыр.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда