Алмат алған асулар

Станция тынысы
25.10.2024, 10:53
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Республика күні мерекесіне орай марапат мінберінен табылған теміржолшылар қатарында Шиелі теміржол вокзалының бастығы, «Үздік басшы» Алмат Досымов та бар. Ол – теміржолшылар әулетінің өкілі. Оған теміржолдың тыныс-тірлігі бала кезден таныс.

Сондықтан болса керек, оның таңдауы Алматы теміржол институты болды. Білім алды. Темір жолда еңбек жолын бастады. Содан бері 30 жылдан астам уақыт өтіпті. Бұл қызығы мен қиындығы қабаттаса, қатарласа жүрген, түрлі қызметтік сатылардан өткен жылдар. Қазір Алмат өз ісінде тіс қаққан теміржолшы. Тәжірибесі мол, біліктілігі білдей бір маман. Сөзімізге Алмат алған асуларға берілген марапаттар дәлел.  

Мәселен, Алмат Нұрмағанбетұлы 2021 жылы Шиелі ауданы бойынша «үздік теміржолшы» атанса, 2022 жылы Қазақстан темір жолының 25 жылдығында «Үздік басшы» төсбелгісін алды.  

– Алмат іскер басшы. Және бұл жай сөз емес. Өткен жылы аудан бойынша үлгілік семинар өткізуге, аудан басшылары, осы Шиелі теміржол вокзалын таңдапты. Неге дейсіз ғой... Мекемелердегі тәртіп, аула тазалығы, еңбек қатынастарының сақталуы секілді бірнеше критерийлерді нысанаға алған тексеру комиссиясы Шиелі теміржол вокзалын ауласы гүлмен көмкеріліп, абаттанған ең таза мекеме деп, ал еңбеккерлерін ең үздік ұжым деп таныпты. Кейін теміржол вокзалында комиссия құрамының шешімімен үлгілік семинар ұйымдастырылды. Бұл аудан көлемінде вокзал ұжымының салмақты орны бар екенін, ал осы ұжымды ұйыстыра білген Алматтың білікті басшы екенін көрсетеді, – дейді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Нұрлан Бимұратов.  

Алмат теміржолшылар әулетінен екенін және оның еңбек өтілінің өсуіне үлес қосып жүргенін мақтан тұтады. Еңбек өтілі демекші, Алматтың әкесі Нұрмағанбет Досымов 37, анасы Қарашаш 15 жыл сол кездегі Шиелі жол дистанциясында жұмыс істеп, жолшылар әулетінің қалыптасуына ұйытқы болған. Кейін ағалары Бақыт 44, Дәулет 39, Қанат осы еңбек ұжымында 10 жыл жұмыс жасап, дистанцияның өркендеуіне үлес қосқан екен. Қазір Алматтың ұлы Бексұлтан да ата жолын қуып, бес жылдан бері жол дистанциясында инженер болып жұмыс істеп жүр. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген осы болса керек.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты