Жылғаның жауапкершілік жүгі ауыр

Станция тынысы
11.04.2025, 09:00
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясына қарасты Жылға тартымдық стансасы оңтүстіктегі тұтас теміржол жүйесінің жұмысына ықпалы зор. Оның қызметін Шымкент қаласы мен бірнеше аудандағы салалық кәсіпорындар тұтынады.

Нұрғозы Рысқұлов жетекшілік ететін Жылға тартымдық стансасында небәрі 6 маман жұмыс істейді. 1987 жылы қолданысқа берілген шағын тартымдық станса деңгейінде болса да қызметі ауқымды. Олар ауысымдық кезекшілік арқылы станциядағы электр энергиясының жай-күйін күндіз-түні кірпік қақпай қадағалап, жұмысын жүргізіп келеді. Бұл жерге Ташкенттегі ГРЭС-тен 220 кВт энергия алынады да, солтүстігіндегі Монтайтас станциясы арқылы Шымкентке қарай тартылған желімен үздіксіз жөнелтіледі. Одан бөлек, 2020 жылы Жылғадан Монтайтасқа шығар жол жиегінде 40 гектар аумақта орналасқан күн панельдері станциясы іске қосылғаны белгілі. Міне, сол күн көзінен қуат өндіру алқабы бүгінде Жылға тартымдық стансасын 35 кВт энергиямен қамтамасыз етіп келеді. Сонда біз әңгіме етіп отырған тартымдық стансасының электр энергиясын өңдеу қуаты 255 кВтты құрайды деген сөз. Оның 220 кВт-ын транзиттік сипатта өңдесе, қалған 35 кВтпен елді мекен тұрғындары мен теміржол шаруашылығындағы қызметке және станцияға келіп-кетер электровоздар қозғалысын қамтамасыз етуге пайдаланылады.  

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі мен атқарушы органдардың бастамасымен осыдан 7 жыл бұрын Жетісай өңірін электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында Жылға подстанциясының аумағы кеңейтіліп, әлеуеті арттырылған. Яғни сол кезде күрделі қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде, 220 кВт-тық биік бағаналы қос желі Қызыләскерге қарай тартылған. Сол желінің екінші нүктесінен деңгейі Жылғамен шамалас шағын подстанция бой көтеріп, ел игілігіне пайдалануға берілген. Аталған нысанның ірілі-ұсақты жұмыстары өткен жылы толық тәмамдалып, осы кездері мінсіз қызмет көрсетіп келеді. Алайда, Қызыләскердегі подстанцияны қалыпты жағдайда қолдануда Жылға тартымдық стансасы басымдыққа ие. Демек, бұл дегеніміз дәреже-деңгейі тартымдық станса болғанмен, алты-ақ адамнан құралған теміржолшылар ұжымының қызметі мен арқалайтын жауапкершілік жүгі өте ауқымды деген сөз.  

– Өзбекстан мен Қазақстан теміржолының шекаралық белдеуінде жатқан Жылға станциясында орналасқан біздің тартымдық стансаның жұмысы шынында да өте ауқымды. Дегенмен, осындағы алты адамның бәрі өз жұмысын бес саусақтай білетін кәсіби мамандар. Сондықтан барлық жұмысты талапқа сай атқарып, өзімізге жүктелген сенім үдесінен шығып отырмыз, – дейді Жылға тартымдық стансасының басшысы Нұрғозы Рысқұлов.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты