Шиелі теміржолшылары жоғары көрсеткішке қол жеткізді

Станция тынысы
19.05.2025, 10:05
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Шиелі – Батырхан Базарбаев басқаратын Қызылорда ЖТ бөлімшесінің оңтүстігіндегі іргелі станция. Бекеттегі теміржолшылар ауысыммен жұмыс жасау арқылы, станция басшылығының жұмысты тиімді ұйымдастыру тәсілінің арқасында, өздеріне бекітілген өндірістік жұмыстарды жоспардан асырып орындап келеді. Биылғы жылы да осындай қарқынмен жұмысты бастаған шиелілік теміржолшылар басшылықтың ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында жоспардан тыс жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде.  

2025 жылдың алғашқы тоқсанында және сәуір айында шиелілік теміржолшылар жоспарды 102-253% аралығында асыра орындап, жоғары кәсіби деңгейлерін көрсетті. Жыл басынан бері станцияда пойыздық және маневрлік жұмыстар қауіпсіз әрі апатсыз жүргізіліп келеді. Бұл шиеліліктердің әр қайсысының бекітілген тапсырмаларын кәсіби деңгейде атқара білуінің нәтижесі.

Шиелілік теміржолшылар жыл басынан бергі уақытта пойыздық, маневрлік жұмыстар кезінде және кірме жолдарда жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының ешқандай түріне жол бермеген. Станция бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаров әріптестерінің басшылық бекіткен тапсырмаларды дер уақытында атқарып оларды сапалы орындап жатқанын жеткізді.

«Жалпы, біздің Шиелі станциясындағы теміржолшының бәрі өз кәсібін жан-жақты игерген, сенімді жұмыс істейтін кәсіби мамандар. Біз алғашқы тоқсанда 142 пойыздан 6234 вагонды ажыратып, 4999 вагонды тіркеп 122 пойыз құрастырдық. Бұл пойыздарды құрастыру жұмыстары кезіндегі станцияның пойыз құрастырушылары, парк кезекшілері, жүк қабылдап тапсырушылар, диспетчерлер жалпы теміржолшылардың барлығы өз үлесін қосып нәтижелі жұмыс жасады. Ал, сәуір айындағы өндірістік жұмыс көрсеткіштері де межеден асып түсті. Сәуірде бекітілген 588 вагонға жүк тиеу жоспары 600 вагонға жеткізіліп, меже 102 пайызға асыра орындалды. Осы айдағы 1420 вагонға есептелген вагон айналымы 3597 вагонға дейін жеткізіліп жоспар 253 пайызға жетті. Бұл да біздің теміржолшылардың озат тәжірибесі мен шыңдалған ерен еңбегінің қайтымды жемісі, сол үшін оларға алғысымды білдіремін», - дейді әріптестеріне разылығын білдірген басшы орынбасары Нұрғали Әбжаппаров.  

Сәуір айында ДСП жанындағы оператор К. Қилыбаев, тасымал құжаттарын өңдеуші С. Шалекеева, жүк қабылдап тапсырушы М. Орынбаева, тауар кассирі Р. Бижанова, станция кезекшісі Л. Смайлов, Б. Тұрсыманов және парк кезекшісі О. Қарамұрзаевтармен толығып, ерен еңбектің үлгісін көрсете білген. Бекет теміржолшыларының өндірістік жұмыстағы жоғары көрсеткіші – ұжымдық еңбектің жемісі.  

Станция теміржолшыларымен техникалық сабақтар және нұсқаулықтар тұрақты ұйымдастырылып, ауысым алдындағы дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл өз кезегінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейде сақталуына ықпал етіп отыр. Станция басшылығының жұмысты тиімді ұйымдастыруы мен тәжірибелі мамандардан жасақталған шиелілік теміржолшылардың кәсіби дағдысы жоспардың талап деңгейінде орындалуына мүмкіндік жасауда. Дегенмен аса қауіпті аймақ саналатын теміржол бойындағы өндірістік, маневрлік жұмыстар сақтықты, қауіпсіздікті талап ететінін олар да әсте естен шығармақ емес. Жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру мақсатында станция басшылығы әр бір теміржолшының талап деңгейінде жұмыс жасауын бақылап отырады.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты