Станция бастығының дәрісі

Станция тынысы
13.06.2025, 08:45
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістан станциясында жазғы демалыс кезінде мектеп оқушылары арасында қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Станция бастығы Қадыр Сырлыбековтің жетекшілік етуімен салаға жауапты ведомство өкілдерінің қатысуымен түрлі рейдтер мен кездесулер жиі өтуде.

Жуырда ғана «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің даму жоспарына сай, алғашқы жартыжылдыққа арналған іс-шаралар аясында Түркістан қаласындағы №21 кәсіптік-техникалық колледж бен әл-Фараби атындағы №10 орта мектепте «Темір жол – қауіпті аймақ» тақырыбында арнайы дәріс оқылды. Жүзден астам студент пен жасөспірім қатысқан шарада темір жол арқылы белгілінбеген жерден өтуге тыйым салынатыны, келеңсіз оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ темір жол аймағы аса қауіпті аймақ екендігі жөнінде дәріс оқылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.  

Қадыр Сырлыбеков станция оңтүстік өңіріндегі екі бөлімшенің түйіскен тұсында орналасқандықтан мұндағы вагон сұрыптау паркінде жылжымалы құрамдар қозғалысы тәулік бойы үздіксіз жүргізілетінін айтты.  

– Темір жол аймағында қайғылы жағдайға жол бермеу мақсатында азаматтарға, әсіресе балаларға темір жолда, оның айналасында бейсауат жүруге болмайтындығы жөнінде аз айтылмайды. Сол сияқты жол қысқарту үшін темір жолды кесіп немесе станция паркінде тұрған вагон астынан өтуге тыйым салу жөнінде де көп хабарландыру жасалады. Сондықтан біздің қызмет орнымыз қауіпті аймақ болып табылатындықтан, тұрғындарды қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, аспалы көпір арқылы қатынауға шақырамыз, – деді Қадыр Қаңлыбайұлы.  

Сонымен қатар, жасөспірімдермен кездесу барысында станция бастығы келеңсіз оқиғалардың себеп-салдарына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, адамдардың белгіленбеген жерден өтуі мен бәзбіреулердің масаң күйде жалғыз-жарым жүруі, станция аумағында телефон мен құлаққап пайдалану да адам өміріне қауіп төндіріп жататын көрінеді.  

Дәріс барысында айтылған тағы бір мәселе – қолдағы малдың қараусыз қалып, темір жол бойында жүруі қозғалысқа үлкен қауіп төндіретіні болды. Бүгінде станциялар маңына арнайы қоршаулар орнатылып жатқанымен, малдың жолға шығып кетуі тыйылмай келеді. Кей тұстарда әлгі қоршауларды тұрғындардың өзі бұзып жататын кездер де жоқ емес.  

Осы мәселеге қатысты сөз алған Түркістан станциясының желілік полиция бөлімінің инспекторы Бағлан Орынбасар қарапайым ғана ескертулерді елемей, заңға қайшы әрекеттер жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Құқық қорғау органы өкілінің айтуынша «Бекзат» мөлтек ауданы аумағында мұндай заңбұзушылықтар көбірек тіркелетін көрінеді.  

Сонымен қатар, балалардың көпір үстінде тұрып, жоғары кернеулі электр желісін түртіп ойнауы мен жол айрықтарға түрлі заттар қоюуы пойыз қозғалысына қауіп төндіріп, жолаушылар вагонына тас атуы, жүріп бара жатқан жылжымалы құрамға жармасуы, байланыс құралдарына зақым келтіруге әуестігі кейде орны толмас өкінішке ұрындыратынын ескертті. Полиция инспекторы жасөспірімдерге мұндай әрекеттің соңы заң аясында жауапкершілік жүктейтінін де түсіндірді. Яғни, осы тақылеттес тәртіп бұзу фактілері анықталған жағдайда, азаматтарға Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекстің 559 бабы, 5 тармағы бойынша 3 айлық есптік көрсеткіш көлемінде (11 796 теңге) айыппұл салынатыны айтылды.

 

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады