Тараз станциясының бүгінгі тынысы

Станция тынысы
19.06.2025, 11:28
Оқуға 3 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Күніне қаншама жүк және жолаушылар пойыздарын қабылдап-өткізетін, соған қарай атқаратын жұмыс көлемі де арта түсетін Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты Тараз станциясында қимыл-қозғалыс күндіз-түні қарбаласқа толы. Өңірдегі ең үлкен вокзал да осы станция аумағында.  

Негізі Тараз вокзалы «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалына қарасты болғанымен, тәулігіне келіп-кететін жолаушылар пойыздарын қабылдап-өткізу міндеттемесі станцияға тиесілі. Одан бөлек станция аумағында өрт сөндіру пойызы, қалпына келтіру пойызы секілді құрылымдық мекемелер орналасқан. Шақыртуларға қарай, оларды да тиісті жеріне жөнелтіп, қайта қабылдау станция қызметкерлерінің жауапкершілігінде.

Осындай жұмыс ауқымына байланысты сыныптан тыс саналатын Тараз станциясы бес айда 9 мыңға жуық пойыз қабылдап-жөнелткен. Жұмыс паркі вагондарының саны 124324-ті құраған, 131568,6 мың тоннадан астам жүк түсірілген. Ал осы кезеңде тиеліп-жөнелтілген жүктің көлемі 230 вагоннан асады. Дөңестен 218554 вагон жүк сұрыпталған.  

– Сыныптан тыс станциялар жұмыс көлемінің ауқымдылығы және техникалық жарақтандырудың жоғары деңгейі жағынан ерекшеленеді.

Тараз – Арыс – Шу – Алматы бағытында пойыздар қозғалысын реттеп отыратын, блоктық маршруттық-релелік орталықтандырумен жабдықталған учаскелік станция.  

Екі – қозғалыс және жүк цехы, бес – тақ, жұп, дөңес алды, транзиттік және сұрыптау паркі бар. Қозғалыс цехында жүк және жолаушылар пойызын қабылдап, жөнелтеміз. Ал жүк цехында Тараз қаласында қалатын жүк контейнерлері сұрыпталады.

Жалпы парктер бойынша негізгі жолдар: тақта – 7, жұпта – 7, дөңес алды -  4, сұрыптауда – 8 және 20 шақты кірме жолымыз бар. Барлығы 157 адам жұмыс істейді. Станция кезекшісі, маневрлік диспетчерлер, операторлар, парк кезекшілер, пойыз құрастырушылар, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілер, сұрыптау дөңесінің кезекшілері, қозғалыс цехы, белгі берушілер, жүкті қабылдап-тапсырушылар, тауар кассирлары кезекпен екі ауысымда ауысып отырады, - дейді Тараз станциясының бас инженері Ерсін Шардарбеков.

Станция бастығы Дархан Есенғалидың мамандарға қоятын талабы бірдей – алдымен еңбек қауіпсіздігін сақтау, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау. Сондықтан, жұмыс қауіпсіздік талаптары мен нұсқаулықтарын қайталаудан басталады. Қызметкерлер жыл сайын біліктілікті арттыру курстарына жіберіліп тұрады.

Талап пен тәртіп бар жерде – нәтиже бар. Тараз станциясы биылғы көктемгі комиссиялық тексеріске өте жақсы дайындық көрсеткені үшін және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбек жағдайын жақсартқаны үшін «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетовтың Алғыс хатпен марапатталған болатын.

– Қозғалыс қауіпсіздігі демекші, станция аумағында жаяу жүргіншілерге арналған бір ғана өткел бар. Ол көпір вокзал аумағында орналасқан. Ал станция басындағысы – қызметтік өткел. Екеуінің арақашықтығы едәуір. Осы маңға жақын тұратын теміржолдың арғы бетіндегі тұрғындар көпір арқылы айналып жүргісі келмей, біздің жасаған ескертулерге қарамай осы өткелді кесіп өтеді. Бұл аса қауіпті. Бұрнағы жылдарда келеңсіз жайттар да орын алған. Қауіп-қатердің алдын алу үшін желілік полиция бөлімімен бірлесіп рейд өткізіп тұрамыз. Алайда жүргізген түсіндіру жұмыстарымызға, салған айыппұлдарымызға қарай нәтиже шығарып жатқандар аз. Сондықтан, осы аумақтан да теміржол үсті көпірін салса, дұрыс болар еді, - деп түсіндірді бас инженер.

Тараз станциясы – оңтүстік бағытында, жұп жағынан Құмшағал, тақ жағынан Бурыл, Талас станцияларымен түйіседі. Жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асатын станция аумағында биыл жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 6 бағыттамалық бұрма жаңартылды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды