Семей станциясы үздік атанды

Станция тынысы
30.06.2025, 12:54
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей станциясында бөлімше басшысы Алмас Сейсемқановтың төрағалығымен арнайы жиын өтті. Басқосу барысында бірқатар өзекті мәселелер сарапқа түсіп, кеңінен талқыланды.  

Атап айтсақ, көктемгі комиссиялық бақылау қорытындысы, ұжымдық шарт аясындағы атқарылып жатқан іс-шаралар кеңінен сөз болды, кәсіподақ ұйымының өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есеп тыңдалды.

Бөлімше басшылығы теміржолшылармен қазіргі таңдағы жұмыс барысы туралы еркін пікір алмасып, қызметкерлердің көкейтесті мәселелерін тыңдады.  

Станция қызметкерлері өзекті сауалдарын қойып тұщымды жауап та ала алды.  

Бөлімше басшысы Алмас Ғылымұлы өз сөзінде Семей станциясының өткен көктемгі комиссиялық бақылау қорытындысы бойынша желі бойындағы барлық мекемелер арасында үздік атанғанын  жеткізді.  

Атап айтсақ, нормативтік-техникалық құжаттарды рәсімдеу, жылжымалы құрамдар мен құрылғыларға күтім жасау нормаларын сақтау, өткен бес айдың ішінде еңбек және қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын орындауда, сондай-ақ жалпыреспубликалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік жұмыстарын жүргізуде алдыңғы орыннан табылды.  

Бөлімше директоры Алмас Ғылымұлы Семей станциясының басшысы Болат Өтегеновке ұжымға арналған Құрмет грамотасын салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар, станция басындағы жеті қосынға және ас ішу бөлмесіне теміржолшылар игілігі үшін арнайы тұрмыстық жабдықтарды сыйға берді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті