Ақсу-Дегелең: ел сенімін ақтаған жоба

Станция тынысы
16.04.2021, 18:08
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жалпы ұзындығы 184 шақырымды құрайтын, республикамыздың солтүстігін шығысымен жалғайтын Ақсу-Дегелең магистралі – ел Тәуелсіздігінің алғашқы қарлығашы. Егемендіктің еңсесі әлі тіктеліп үлгермеген жылдары салынған тұңғыш теміржол бірінші кезекте отандық теміржолшылардың жеңісі болды. Иә, жаңа тармақтың ашылу салта- натына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатысып, қарапа- йым теміржолшылар еңбегіне сүйсініс білдірген. Расында, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының аталмыш телімді салу туралы бастамасы Елбасының ұсыны- сымен астасып, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының жарқын ескерткіші болып қалыптасты. Құрылыс барысын Ұлт Көшбасшысының өзі қадағалап, қолдау білдіріп отырғаны да бүгінгі ардагер- лердің жадында. – Бұл телімнің бізге берері сол, екі ірі өндірістік қала Павлодар мен Семей арасы 600 шақырымға қысқарып, жол жүру уақыты 10-12 сағатқа күрт азайды. Осылайша экономикалық тұрғыдан көл-көсір пайдаға да кенелдік. Әсіресе, аймақтағы елішілік жолаушылар үшін ақжолтай жаңалық болды. Жаңа телім ашылғанға дейін Павлодардан Семей арасында қатынау үшін шекараны кесіп, Ресейдегі Құлынды, Локоть станциялары арқылы айналып жүруге тура келетін еді. Жолаушылар мен жүк тасымал- даушылар қаражаты, уақыты үнемделді. Қос аймақтағы өндіріс пен кәсіпорындар тыңнан күш алды, – дейді осы кезең жайлы естелікпен бөліскен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы жанындағы консультативтік кеңес мүшесі, Семей ЖТ бөлімшесінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қырықбай Әлсейітұлы. Жүк тасымалынан бөлек 2002 жылдан бастап Семей станциясы арқылы Павлодар-Алматы жолаушылар пойызы тұрақты түрде қатынай бастады. Соның нәтижесінде оңтүстік астанадан Павлодарға қатынайтын жолаушылар уақыты 12 сағатқа дейін қысқарды. Әрі тұрғындар саны мол Курчатов қаласы, Май, Ақсу аудандарының тұрғындары ерекше қуанышқа бөленді. Бүгінгі теміржол саласы ардагерлерінің айтуынша, сол жылдардың өзінде-ақ теміржол қыз- метін айына 70 мыңнан аса жолаушы пайдаланыпты. Тағы бір маңыздылығы сол, жаңа телім бойынша қосымша көптеген жұмыс орындары ашылды. Атап айтсақ, Известковый, Көл, Талды, Ақсу-2, Көктөбе, Құркөл, Май, Жұмыскер стан- циялары бой көтеріп, жұмыс жанданды. Семей ядролық сынақ полигонының жабылуымен тоқырап қалған Конечная станциясы өзінің тарихи Дегелең атауын қайтарып, қайта түледі. Қазіргі таңда Семей теміржолы бойынша учаскелік станция саналатын 2-ші класты Деге- лең станциясындағы теміржолшылар отбасының саны жүзден асты. Станция басында қосымша кірме жолдар мен қабылдап-жөнелту жолдары салынды. Бүгінгі таңда Ақсу-Дегелең аралығын- да транзиттік 5 жұп пойыз өтеді. Яғни, пойыз айналымы бойынша тәуліктік жүктеме күрделілік туғызбайды. Әйт- се де, ауыр салмақты 6 200 тонналық 63 вагоннан тұратын жылжымалы құрамдар жолға шығарылатындықтан да телім бойындағы станцияларда жұмыс барысы қауырт. – Дамыған мемлекеттердің бар- лығында да бірінші кезекте жолға мән беріледі. Ел әлеуетіне қарқын алдыру үшін де жол төсейді. Бұл орайда аға буын теміржолшылар салып кеткен Ақсу-Дегелең теміржол тармағы Тәуел- сіздіктің 30 жылы ішіндегі ең көрнекті құрылыс, экономикалық тиімділігі аса зор жоба болғаны анық, – дейді бұл орайда Дегелең станциясының білікті басшысы Талғат Баширов.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті