Сарышаған станциясы: Сарыарқаның қақпасы сынды

Станция тынысы
15.07.2021, 10:22
Асхат Райқұл

Тоғыз жолдың торабында, күре жолдың бойында жатқан Сарышаған станциясын Сарыарқаға ашылған қақпа десек болғандай. Шудан өткесін Балқашты жағалап Сарыарқаның сайын даласына бет алған пойыздар мұнда тоқтамай өтпейді. Коронавирусқа байланысты енгізілен карантин жағдайында да күнделікті шаруа реті бұзыл- маған станцияда соңғы төрт-бес айда тіпті қыза түскен. Бұған Сарышаған станциясының директоры Руслан Таңатаровпен әңгімелескенімізде көз жеткіздік. Оның айтуынша, соңғы айларда станцияда пойыз қозғалысы жиілей түскен. Қаңтар айының өзінде жолаушылар пойызынан бөлек 40 тақ пойызы, 40 жұп пойызы өткен. «Сарышаған станциясының іргесі 1953 жылы қаланған. Арада бір жыл өткен соң, Мойынты-Шу теміржол телімі ашылған. Содан бері бекет халыққа үзіліссіз қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда мұнда 31 теміржолшы еңбек етеді. Барлығы да өз істерінің майталмандары. Бірақ, бір өкініштісі, Сарышаған станциясында бірде-бір «Құрметті теміржолшы» жоқ. Бұл – біздің қызметкерлердің біліксіздігі емес. Бұл аймақта соңғы он жылда ешқандай төтенше оқиға болған емес. Бұл басшылықтың назарға алмағандығынан шығар», – деген бекет басшысы Назымгүл Елеусінова есімді парк кезекшісін станция ұжымы мақтан тұтатынын жеткізді. Назымгүл Тәжіқұлқызының мұнда табан аудармай еңбек етіп келе жатқанына қырық жылдан асыпты. Енді бір жарым жылдың айналасында зейнеткерлікке шығатын көрінеді. Станция ұжымының назы сол, Назымгүлдей нағыз өз ісінің майталман маманы «Құрметті теміржолшы» белгісіне әбден лайық, басшылық соны ескерсе дейді. Шаруаның жайына қайта оралған Руслан Таңатарұлы станцияның қызметкерлері соңғы үш айдың өзінде 150 вагонға техникалық тұз тиегендерін әңгімеледі. Сарышағанның іргесіндегі, 15 шақырым қашықтықтағы Тасарал ауылында өндірілетін тұз осы күнге дейін Көктас станциясынан артылып келген. Біршама уақыттық үзілістен соң, аталған өндіріс қайта жанданып, енді Орта Азия мемлекеттеріне Сарышаған станциясы арқылы өнімдерін өткізуде. – Олар алдағы уақытта техни- калық тұзды Ресей нарығына шығаратындарын айтып отыр. Бұдан бөлек, біздің станциямыз арқылы Шайқорық жақтан келетін тауарлар, Мыңаралдың цементі, Шудың қасындағы Бірлік станциясынан түсті металл өнімдері өтеді. Олардың бірі Өзбекстанға жөнелтілсе, бірі Тәжікстанға, тағы бірі Ресейге жол тартады. Теміртау қаласында өндірілетін қара түсті металдар да біздің станция жолдары арқылы Орта Азияға ағылып жатыр. Балқаштағы «ҚазақМыс» зауыты да біздің станция ұжымы көмегіне жүгінеді, – дейді Руслан Таңатаров. Сарышаған станциясының әскери салада да стратегиялық маңызы бар. Көршілес Ресей Федерациясының бірнеше әскери бөлімшесі түрлі техникаларын осы станция арқылы тасымалдайды екен. Алда «Сарышаған» полигонында үлкен әскери оқу-жаттығу өтпек. Оған қажетті түрлі баллистикалық зымырандар, танктер, әскери ауыр жүк көлік- тері теміржол арқылы тасымалданбақ. Сол кезде теміржолшылардың жұмысы еселене түспек.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты