Арыс станциясы электр энергиясына кететін шығынды барынша үнемдеп отыр

Станция тынысы
17.09.2021, 12:43
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Қазіргідей пандемия уақытында кез келген өндіріс орны шығынын азайтып, табысын арттыруды көздейді. Мысалы, жыл басынан бері Арыс станциясы электр энергиясының шығынын айтарлықтай үнемдеген. Станцияның бас инженері М.Мырзахметов ай сайын станция қызметкерлерінің жұмыс барысында энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануына бақылау жүргізілетінін жеткізді.

«Өндірістік-техникалық қажеттіліктерге электр энергиясын жұмсау жоспарына сәйкес 2021 жылдың жеті айында жоспар бойынша 301879 кВт сағат бекітілген, оның нақты жұмсалғаны 127263 кВт-сағат, бұл ретте үнемдеу 171615 кВт-сағатты құрады. Станция шілде айында 35188 кВт-сағат қарастырылған энергияның 20888 кВт-сағатын жұмсап, 14300 кВт- сағат үнемдеді. Суды да 959 м3 үнемдедік. Ал жеті ай ішінде жоспар бойынша 5450 м3 болса, нақты 5010 м3 тұтынып, 440 м3 су үнемделді», – деді бас инженер М.Мырзахметов.

Сондай-ақ станцияда еңбек жағдайларын жақсарту бойынша кешенді іс-шаралар орындалып жатыр екен. Осы жылға арналған қаражатты игеру бойынша солтүстік коммерциялық бақылау пункті, вагон жылдамдығын реттеу, тауар кеңсесі, №2 сигналдық бекет, арнайы сүт беру бөлмесіне бес тоңазытқыш алынған. МРЦ- 2 бекеті, дөңес бекеті, маневр пункті-1 бекеті, дөңес кезекшісі, парк кезекшісі кабинеттеріне салқындатқыш кондиционер орнатылыпты. Бұларды сатып алуға 1051632 теңге көлемінде қаржы қарастырылып, толық игеріліпті. Ал өндірістік жарақаттануға келсек, Арыс станциясы бойынша теміржолшының кенеттен денсаулығы нашарлаған бір жағдай орын алды. Бұл жағдай ҚР Еңбек кодексінің 186-бап 3-тармағының 4-тармақшасына сәйкес жазатайым оқиға ретінде есепке алынбайды. Станцияның бас инженері теміржолшылардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша «Қауіпсіздік күні» аясында 36 бұзушылық анықталғанын, оның ішінде стан- цияның 9 қызметкерінің төртеуіне ескерту, бес қызметкерге сөгіс беріліп, тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Бұдан бөлек, Арыс станциясында жұмысшы- лардың еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша 232 адамның білімін қайта тексеріп, оқытып, электр қауіпсіздігі бойынша 210 адам білімін көтерген. Станцияда жаңадан жұмысқа келген 18 адаммен ай сайын техникалық сабақтар және әрбір 45 күн сайын қайталама нұсқама жүргізіледі екен. Сонымен қатар, кестеге сәйкес станция басшылары 53 кенеттен тексеру жүргізіпті. Станция басшылары көбіне технологиялық процестерді орындау кезінде қызметкерлердің қауіпсіз еңбек тәсілдерін сақтауын, жұмыс орындарында жеке қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, қауіпті жұмыс орындарын қоршау, қызметтік өту маршруты, ескерту белгілерінің болуын қадағалады. Қауіпсіздік техникасы ережелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды бұзғаны үшін жеті ай ішінде кенеттен тексеру нәтижесінде 14 қызметкерге ескерту беріліп, тәртіптік жауапкершілікке тартылған. «Жолдағы адам» ақпарат жүйесі бойынша жыл басынан бері ешқандай бұзушылық тіркелмеген. Жыл басынан бері Арыс станциясы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша үш айлық өткізілген.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты