Контейнерлендіру: трендке айналған тасымал

Трансформация
10.10.2023, 09:30
Суретке түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«TransLogistica Kazakhstan 2023» 26-шы Қазақстандық халықаралық көрме шеңберінде өткен «Көлік және логистика нарығы» атты V халықаралық конференциясы барысындағы сессиялардың бірі «Озық технологиялар және контейнерлік тасымалдау трендтері» тақырыбына арналды.    

Сессия жұмысында ішкі және сыртқы логистиканы жаһандық қайта бағдарлау жағдайында Қазақстандағы контейнерлік тасымалдау нарығын дамытудың жаңа векторы (Жезқазғандағы контейнерлік терминалды құру мысалы); бәсекеге қабілетті өнімдерді құру және өндіру стратегиялары: озық технологиялар және серпінді шешімдер; Еуразияда контейнерлік тасымалдауды дамыту. Трендтер мен шешімдер; контейнерлік тасымалдаудың проблемалық мәселелері; өнеркәсіптік кәсіпорындарды контейнерлеу; озық технологиялар, автокөлік логистикасында қолдану тәжірибесі; нақты уақыттағы көлік мониторингі; тасымалдау сенімділігі мен қауіпсіздігі, тұтынушыларды тарту үшін тиімді шешімдерді ұсыну және сапа мен бағаның сәйкестігі сынды мәселелер қаралды.  

«Орталық Азиядағы көлік және логистика бойынша серіктестік» қауымдастығы ЗТБ президенті Берік Бөлекбаев, Қазақстандағы контейнерлік тасымалдау нарығын дамытудың жаңа векторының біріне Жезқазғанда контейнерлік терминал құру мәселесін қозғап және оған негіз болатын алғышарттармен ой бөлісті.  

Оның айтуынша, қазір әлем бойынша, соның ішінде Азия елдері бойынша жүк ағыны ұлғайып жатқан кез. Соның бірі контейнерлік тасымалдауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл – бүгінгі күннің тренді. Ал Қазақстан басты бағдар, ТХКБ-ға қатыса отырып, бұл тасымалдың жаңа түрінен қалыс қалмайтыны анық.  

«Транзиттік бағдардың әлеуетін ұлғайту туралы сөз қозғағанда, инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде контейнерлік терминал құру мәселесіне айрықша назар салғанымыз жөн. Ірі контейнерлер жағдайы түсінікті, олар Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент қалаларында орналасқан және тұрақты жұмыс істеп тұр. Бірақ қазір тенденция, геосаясат өзгеріп жатқан заман. Бағдарлар, жүк ағыны да өзгеруде және олардың қарқыны жылдам. Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда Жетісу, Абай, Ұлытау облыстары ашылды, сол соңғы облыстың орталығы – Жезқазған қаласы. Міне, осы Жезқазған қаласы Қарағанды облысына қарасты болған кезде, назардан тыс қалып, дамуы тежелді. Енді ол облыстың орталығы болғандықтан дамитын болады. Мұнда 9 ірі кәсіпорын ашылады деп күтілуде. Оның үстіне, Жезқазғанның үстінен негізгі бағдарлар – Солтүстік-Оңтүстік, Батыс-Шығыс, сондай-ақ, ТХКБ өтеді. Яғни, Жезқазғанның географиялық орналасуы ішкі және транзиттік бағдарларға қолайлы. Соған қарамастан Жезқазғанда контейнерлік терминал жоқ. Алайда, сол жерде жұмыс істеп жатқан тау-кен кәсіпорындары терминал салуға және оның құрылысына инвестиция салуға мүдделі. Бұл жоба төңірегінде Атамекенмен, облыс әкімшілігімен және өңірлік көлік, бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жезқазғанда контейнерлік терминал салудың тағы бір тиімді тұсы – келешекте Қарағанды мен Жезқазған арасында төрт жолақты автожол, сондай-ақ Жезқазған мен Қызылорда қалалары арасында да автокөлік жолын салу жобасы жүзеге аспақ. Жезқазған – Сексеуіл теміржол желісі бойында да 17 станция жұмыс істейді. Әуежай да алыс емес. Ең бастысы, қалада 9 ірі өндірістік кәсіпорынның ашылатыны транзиттік бағдарды айтпағанда, ішкі жүк ағынының ұлғаюына септік етпек. Сондықтан бұл қалада контейнерлік терминал құруды контейнерлік тасымалдауды дамытудың бір бағыты ретінде қарастырған жөн», – деп атап өтті Берік Бөлекбаев.  

Контейнерлік тасымалды дамыту тақырыбында сөз алған келесі бір спикер Қазақстандық вагон (контейнерлер) операторлары мен тасымалдаушылар қауымдастығының бас директоры Салтанат Адамбаева, Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік контейнерлік тасымалдау көлемінің жылдан жылға өсіп келе жатқанын тілге тиек ете отырып, елімізде контейнерлік тасымалды дамытуға кедергі болып отырған негізгі факторларға тоқталды. Соның бірі инфрақұрылымдық шектеулерге қатысты болды.

«Біздің елімізде жүк жөнелтушілер экспортқа бағытталған жүктерін жаппай контейнерлерге тией алмайды. Себебі бұған инфрақұрылымдық шектеулер бар. Яғни контейнерлік алаң, арнайы кран, тағысын тағы құрылғылар қажет. Жалы еліміздің импорт, экспорт, республикалық бағыттағы теміржол желісі вагондарды тасымалдауға арналған», – деді ол.  

Спикер сондай-ақ өз баяндамасында тасымалдау үдерісінің барлық қатысушыларының теміржол көлігі қызметтеріне тең дәрежеде қолжетімсіз екенін, сонымен қатар контейнерлік тасымалдауды қамтамасыз ету үшін фитингілік платформалардың жетіспейтінін,  транзиттік бағытта жүк тиелген контейнерлерді тасымалдау барысында тариф саясатының тұрақсыздығын және бос контейнерлерді меншік иесі-еліне уақытылы қайтару қамтамасыз етілмей отырғанын атап өтті.  

Дискуссия барысында қатысушылар контейнерлеуді тез арада дамыту қажеттігін бірауыздан қолдады. Бұл Қазақстанға транзиттік және экспорттық тасымалдау көлемін 4,1 млн ЖФЭ-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Өйткені біздің еліміздің жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға әлеуеті зор.

Ең тиімдісі – Қазақстанның теңіз тасымалымен салыстырғанда тасымалдау уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін қолайлы географиялық орналасуы. Осы ретте республикалық Контейнерлендіру бағдарламасын әзірлеу кезінде мүмкіндігіне қарай нарық сыйымдылығын, даму сценарийлерін, ҚТЖ мен мемлекеттің рөлін анықтау өте маңызды болмақ.  

Жалпы Қазақстан Орталық Азия мен Каспий аймағындағы толыққанды көлік хабына айналуды көздеп отыр. Осыған байланысты саланы дамыту, транзиттік ағындарды тарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде елімізде бірқатар стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, әкімшілік кедергілерді азайту және икемді тариф саясатын жүзеге асыру шаралары қолға алынған.  Инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп, транзиттік жүктердің жылдамдығын арттыру шаралары іске асуда.  

Ал өз кезегінде «Көлік және логистика нарығы», «New Silk Way», «TransLogistica Kazakhstan 2023» сияқты халықаралық конференциялар, көрмелер, бизнес-форумдар, үкімет пен бизнес құрылымдары арасындағы диалогтың тиімді алаңы болып табылады, онда бар мәселелер талқыланып, оларды шешудің практикалық шаралары әзірленеді.

 

Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Жолаушылар тасымалы
02.06.2026
Жолаушылар енді пойыз қозғалысын онлайн бақылай алады
Әлеумет
02.06.2026
Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды
Аймақтар
02.06.2026
Маңғыстау темір жолы: кеше және бүгін
Жаңалықтар
02.06.2026
Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды
Әлеумет
02.06.2026
Қызыққа толы күн
Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)