Жүк тасымалы мен магистральдық желіні біріктіру – уақыт талабы

Трансформация
16.09.2025, 08:50
Оқуға 3 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қазір ұйымдастырушылық өзгерістер мен трансформацияның маңызды кезеңін бастан кешіруде. Осы трансформация шеңберінде Жүк тасымалы бөлімшесі мен Магистральдық теміржол желісін біріктіру мәселесі қарастырылуда. Бұл маңызды мәселе хақында компанияның Консультативтік кеңес мүшесі Қырықбай Әлсейітовті сөзге тартып, ой-пікірін білдік.

Қырықбай Әлсейітов еңбек жолын 1959 жылы Аягөз станциясы паровоз депосында автомат цехының бригадирі болып бастап, 2007 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Семей тасымалдау бөлімшесі» филиалында жетекші инженер болып аяқтаған. Елу жылға жуық жұмыс істеп, осы жерден еңбек демалысына шыққан.  

«Жұмыс орнынан қол үзсем де, саладағы орын алып жатқан жаңалықтар мен жаңашылдықтардан үнемі хабардармын. Қазіргі кезде теміржол саласында көптеген өзгерістер орын алуда. Еліміздің жаһандық бәсекелестік жағдайында қабылдап жатқан оңтайлы шешімдерін дұрыс қадам деп білемін. Жүк тасымалы ұлттық экономикаларға кіріс келтіретін басты табыс көзіне айналып отыр. Сондықтан еліміз қолға алып жатқан көптеген бастамалар уақыт талабынан туындауда. Бұл орайда Жүк тасымалы – Жол бөлімшесі (ЖТ-ЖБ) мен Магистральдық теміржол желісін (НЖС) біріктіру де соның жарқын мысалы дер едім. Ұтымды шешім сала жұмысын өрге сүйремесе, кері тартпайды. Оған талай рет көзім жетті. Кеңестік дәуірден қалған кейбір орынсыз іс-әрекеттерден біртіндеп арылып келеміз. Оның орнына жаңаша көзқарас қалыптасып, басқаша басқару әдістері кеңінен енгізіліп отыр. Бұл көңілге қуаныш ұялатады. Жылдан жылға жұмыс процесі барынша жеңілдей түсуде. Бүгінде барлығы автоматтандырылуда. Біздің кезімізде болмаған технологиялар енгізіліп жатыр. Осындай игі шараларды қолға алып отырған «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасын қолдаймын», – дейді Құрметті теміржолшы Қ. Әлсейітов.  

Сала ардагері атап өткендей, біріктіру жұмыстарын жүргізу барынша оңтайлы шығар. Бірақ бұл жұмысшылардың еңбек жағдайына қалай әсер етеді деген ой да жоқ емес. Алайда, бұл бастама еліміздің заң талабынан туындағандығын да реті келгенде айта кету керек.  

«Мені де қызықтырған басты мәселе жұмысшылардың еңбек жағдайы қалай болады деген жайт еді. Оған да жауап берілді. Менің білгенім, жұмысшылардың еңбек жағдайлары, жалақы мен жұмыс режимі өзгеріссіз қалатын болыпты. Және де әлеуметтік пакет пен өзге де жеңілдіктер сақталады. Сонымен қатар қызметкерлер өз орындарын сақтап қалуы үшін қайтадан құжаттар жинап, бас ауыртпайды. Ал егерде медициналық тексеру мерзімі аяқталғандай жағдай орын алса, онда қызметкер жұмыс беруші қаражаты есебінен өтеді. Онда да мұндай медициналық тексерістен 1 жыл ішіндегі жұмыс мерзімінің аяқталуы шарт, егер мерзімі өтпесе, онда қажеті жоқ. Бұл ретте ерікті медициналық сақтандыру кепілдік беретін құқықтар сақталып, лимиттер жойылмайды. Сонымен қатар сыйлықақы төлемдерінің барлық түрі басқа құрылымға ауысқанда да сақталады. Есептеу және төлеу тәртібі бұрынғыдай қалады екен. Мұнысы енді дұрыс шешім. Жұмысшылардың ауысуы бойынша демалыс күндері де жалғасын тауып, бұрынғы жұмыс орнында пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төленеді екен. Егер кесте бойынша демалыс жоспарланған болса, Магистральдық теміржол желісіне жұмысқа ауысқан жағдайда сол жоспарланған мерзімде еңбек демалысына кете алады», – дейді Консультативтік кеңес мүшесі.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды