Жетістікке жетелеген жеті бағдар

Трансформация
12.06.2019, 17:10

Транзиттен табыс табу – қай елдің болсын берік ұстанымы. Осы ретте, жеті ел – Қазақстан, Қытай, Белоруссия, Германия, Моңғолия, Польша және Ресей аумағында жатқан теміржол желісімен транзиттік тауар тасымалдаудың оң жолға қойылғанын атар едік. Мәселен, өткен жылы Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағдары бойынша 300 мыңнан астам контейнер тасымалданып, 2017 жылдағыдан 61% артқан.

Бұл транзиттік тауар тасымалының жылдан жылға өсе түспесе, кемімейтінін айқын аңғартты. Соңғы жылдарда теміржол әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастықтың жандана түскені, тараптардың тасымал көлемін арттыруға мүдделі екендігін көрсетіп отыр.

Алматы қаласында өткен Қытай – Еуропа – Қытай қатынасындағы контейнерлік пойыздар тасымалын ұйымдастыру жөніндегі Бірлескен жұмыс тобының төртінші отырысында тасымалды арттыру мәселесіне ерекше ден қойылған болатын. Тек биылдың өзінде Ресей мен Белоруссияға тағайындалған контейнерлік пойыздарды қоспағанда, қазақстандыққытайлық шекара арқылы ұйымдастырылған контейнерлік пойыздардың саны 4128-ге жетіпті. Бұндай мәлімет Қазақстан, Қытай, Белоруссия, Германия, Моңғолия, Польша және Ресей теміржол әкімшіліктері өкілдерінің Қытай – Еуропа – Қытай бағдары бойынша тасымалдарды ұйымдастыру жоспарын пысықтау және 2019 жылы контейнерлік тасымал барысын талқылау кезінде көлденең тартылды. Сондай-ақ транзиттік тасымал көлемі басымдығын жоспарлауды нақтылау, олардың жүруі аумағын кеңейту, контейнерлік пойыздар санын арттыру мәселелері кеңінен талқылауға түсті. Бұл ретте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қытай – Еуропа – Қытай қатынасындағы тасымал көлемін ұлғайтуы бойынша атқарып жатқан шаруаларын ауыз толтырып айтуға болады.

Бұл жөнінде Компания басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов былай дейді: «Контейнерлік жүк ағынының өсуі біздерді тасымалдарды ұйымдастыруда жаңа технологиялар іздеуге мәжбүрлей түседі. Біз оптималды қалыптастыру схемасын қолдана отырып, контейнерлік пойыздарды біріктіру тәсілдері бойынша жұмыс істеудеміз». Айтса айтқандай, қазірдің өзінде Достық және Алтынкөл станциялары бойынша «3-ке 2» схемасы бойынша – 154 контейнерлік пойыз, ал «2-ге 1» бойынша 273 пойыз әзірленді және жөнелтілді. Сөйтіп, жылжымалы құрамды айтарлықтай тиімді пайдалануға, учаскелердің өткізу қабілетін еселеуге және тасымалдың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік жасалды. Осындай нәтижелі жұмыс әріқарай да жалғасын таба бермекші. Бұл ретте ұзындығы 80 және одан да көп вагонға жететін контейнерлік ұзынқұрамды пойыздарды өткізу технологиясы да енгізілгендігін айта кету керек. Соның арқасында учаскелердің өткізу мүмкіндіктерін, локомотив паркін, жылжымалы құрамды және инфрақұрылымды барынша тиімді пайдалануға қол жеткізіліп отыр. Қарталы-1 мемлекетаралық түйіспе пункті арқылы баламалы бағдарлар контейнерлік ағынның негізгі үлесі контейнерлік сервис сапасына оң ықпал етті. Ендігі маңызды мәселе контейнерлік пойыздар жылдамдығын барынша арттыра түсу. Бұл – уақыт талабы. Егер 2018 жылдың мәліметіне сүйенсек, Қытай – Еуропа – Қытай қатынасындағы контейнерлік пойыздардың орташа бағдарлық жылдамдығы 932 км/тәулікті құраған. Қ.Әлмағамбетовтің мәліметіне қарағанда, әзірге кейбір пойыздар ғана 1 150 км/тәуліктік жылдамдықпен жүреді. Ендігі міндет – республика жолдарындағы орташа жылдамдықты осындай деңгейге көтеру. Сондайақ, шекаралық өтпелерде тұру уақытын қысқарту, өткізу пункт- терінде тексеру рәсімдерін жеңілдету мақсатында Қытай темір жолдарымен электронды мәліметтер алмасу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жоспарланған.

Жүктерді «нақты уақытында» жеткізу бойынша сервисті дамыту, клиентке бағдарлану деңгейі, пайдалану жұмыстарын жоспарлау сапасын арттыру үшін контейнерлік пойыздар келісілген кестені мүлтіксіз сақтай отырып жүруі тиістігі өзге елдер теміржол әкімшіліктерімен ыңтымақтастықты нығайтуға итермелеуде. Осындай қадамдар бедерінде контейнерлік пойыздар тасымалы бойынша Бірлескен жұмыс тобының Рәсім ережесі де бекітілгендігін айта кеткен ләзім. Клиенттерге кешенді қызмет көрсету есебінен теміржол тасымалы тартымдылығын арттыру мақсатында бірлескен сандық өнімдер мен сервистерді құру жөніндегі жұмыстар да жандана бастады. Сөз орайы келгенде, Бірлескен жұмыс тобының төртінші отырысына қатысушылар еліміздегі көлік-логистикалық хаб нысанын көруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, Польша, Германия, Иран, Қытай теміржол әкімшіліктері Алтынкөл станциясында, KTZE – Khorgos GateWay құрғақ портында болып, аталған нысанның жұмысымен жақын танысты. Яғни, контейнерлерді өңдеу өте қысқа уақытта – 55 минутта жүзеге асырылатыны паш етілді. Бұл орайда Қытай темір жолдары директорының орынбасары Ли Вэнсинь былай дейді: «Біз өзара тиімді ынтымақтастықты әріқарай дамыту үшін, жүк ағынының, соның ішінде контейнерлік тасымал үшін барлық жағдайлар жасалғандығына көз жеткіздік». Осылайша шетелдік теміржолшылар Қазақстан аумағында құрылған көліклогистикалық хабтың үлкен көлемдегі жүкті тасымалдауға мүмкіндік беретініне көз жеткізгендей болды. 


Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес