ҚТЖ-да энергияны тиімді пайдаланатын поезд машинистерінің рейтінгі жасалмақ
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де тартым-энергетикалық ресурстарын тұтынуды басқару тәсілдері қайта қарастырылмақ. Бұл туралы жол бөлімшелері мен локомотив деполары өкілдерінің қатысуымен «Отын мен электр энергиясы үлестік шығынын оңтайландыру» атты жоба шеңберінде өткен «Цифрлық трансформация» бағдарламасының отырысында айтылды.
Шығындарды оңтайландыру бойынша жоба пилоттық тәртіпте Павлодар, Екібастұз, локомотив пайдалану деполары мен Ерейментау айналым депосында жүзеге асырылатын болады. Заманауи ақпараттық технологиялар, есепке алу жүйесі және энерго ресурстарды тұтынуды нормалауды қоса алғанда пойыздар тартымы бойынша энергия тиімділікті арттыру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жоспары жасалды.
Екібастұз локомотив пайдалану депосының бастығы Әмір Тәкішевтің айтуынша, энергия тиімділікке локомотив отынын экипировкалаудың технологиялық үдерісін автоматтандыру, дизель отынын ұрлау фактілерінің жолын кесу арқылы қол жеткізуге болады.
«Ресурс жинақтау шараларының бірі – локомотив бригадаларын отын үнемдегені үшін ынталандыру. Пойыз тартымы бойынша электр энергиясы мен отынды үнемдеуге қол жеткізген пойыз машинистері ТОП-5 және ТОП-10 рейтингіне кіретін болады. «Рейтингке» кіретін машинистерді ынталандыру мақсатында оларға сыйақы төленеді», деді Ә.Тәкішев.Машинистің шеберлігі әр сапар арасында қалыптасады. Осыны ескере отырып деподағы тәжірибелі машинистер жас әріптестеріне тәлімгерлік етеді, бұл локомотив жүргізу тиімділігін арттырып, жолда жүргенде отынның үлестік шығынына әсер етеді. Қазіргі таңда пойыз тартымына отын-энергетикалық ресурстар есебін жүргізу және оны бақылауды «Энерго диспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі жүргізеді (АСУ ЭДТ). Адами факторсыз жұмыс істейтін жүйе өз бетінше локомотив жүргізген жұмыс параметрлері мен электр энергиясы және дизель отынының іс жүзіндегі шығынын салыстыра қарастыра алады. Отынды шығындау жалпы нормадан ауытқыған жағдайда ол белгі береді. Жүйедегі нақты уақыт режиміндегі барлық ақпарат локомотив депосына және орталық аппаратқа түсіп отырады, сол жерде шұғыл шешімдер қабылданады.
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды